Жаңалықтар

ҚР ҰҒА академигі Ә.Жәрменов пен ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығы келісім шартқа қол қойды

31.10.2014

ҚазҰУ-да ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, ғылым, техника мен білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Е.А. Букетов және академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы Әбдірәсіл Жәрменовпен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

«Мастер и Маргарита»

30.10.2014

Философия кафедрасы 2014 жылдың 30 қазанында сағат 10:20-да «100 кітап» жоба аясында М.Булгаковтың «Мастер және Маргарита» еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді. М.Булгаковтың шығармасы толығымен талқыланып, маңызды мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Борецкий О. М. фильмнен үзінділер көрсетті. Студенттер өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар: Философия кафедрасы, куратор-эдвайзерлер Рамазанова А.Х., Әмірқұлова Ж.А., Борецкий О., Сүлейменов П.М. және 2 курс магистранттары Абдихапарова Ғ., Джалмагамбетова С.

Ары қарай оқу >>

Жастар арасындағы превентология

30.10.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы УрФУ-мен бірлесіп «Әлеуметтік жұмыс» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» (Қазақстан) мамандықтары бойынша және «Жастар арасындағы превентология» бағыты бойынша (Ресей) магистрлік қосдипломдық бағдарламаны жүзеге асыруда.

Ары қарай оқу >>

«Білім беру аймағындағы зерттеулер: Стратегия және тәжірибе»

30.10.2014

Қазан айында «Білім беру аймағындағы зерттеулер: Стратегия және тәжірибе» Қазақстан-Ресей ғылыми семинарының материалдар жинағы жарық көрді. Семинар 2014 жылдың 24-26 маусымында Санкт-Петербург қаласында А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да бас редакторлар бас қосты

29.10.2014

ҚазҰУ-да«Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің және Бас редакторлар клубынның қолдауымен және журналистика факультетінің ұйымдастыруымен өтті.


Ары қарай оқу >>

«Religious mysticism and its influence in the world and culture»

29.10.2014

Дінтану және мәдениеттану кафедрасына визитинг профессор ретінде Испаниядан Комплутенсе университетінің PhD докторы, профессоры Асуньсон Лопез-Варела келді. Өз дәрістерін 29.10.2014 – 13.11.2014 аралығында «Religious mysticism and its influence in the world and culture» тақырыбындағы дәрістер курсын оқуда.

Ары қарай оқу >>

Интербелсенді білім беруді ЖОО қолдану жолдары

29.10.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы оқытушы-профессор құрамын «Интербелсенді білім беруді ЖОО қолдану жолдары» атты Республикалық семинар-тренингке шақырады

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да химия факультетінің белгілі түлегі Әбдірәсіл Жәрменовпен кездесу өтеді

29.10.2014

30 қазанда сағат 15.00-де (ректорат 15-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығымен бірге ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, химия факультетінің белгілі түлегі Әбдірәсіл Жәрменовпен кездесу өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы

29.10.2014

2014 жылдың 29 қазанында Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра доценттері Ә.А.Құранбек, А.Х.Рамазанова және философия мамандығының 2 магистранттары С. Қалмұратова, А.Байназаров, Т.Оразханның ұйымдастыруымен «100 кітап» жоба аясында: қазақтың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтың шығармашылығын және ғұлама ғалымның «Философия жайынан» мақаласын талқылауға арналған іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасындағы Президент институты»

29.10.2014

29 қараша 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен бірге Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық құқық мамандығының студенттерімен «Қазақстан Республикасындағы Президент институты» тақырыбында студенттік дөңгелек стол өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да өтетін халықаралық конференцияда адамзат болашағы талқыланады

28.10.2014

2014 жылы 5-7 қарашада Алматы «Адамның тұрақты дамуының жаңа парадигмасы. G-Global – ғаламдық сұхбат форматы» халықаралық конференциясының қатысушыларын қарсы алады. Көптеген жылдар бойы мұндай конференция Еуропа мен Америка елдерінде өткізіліп келді. Осы жылы ұйымдастырушы комитеттің шешімімен әлемдік деңгейдегі іс-шара Қазақстанда және оның ішінде Қазақстанның ең ірі университеті, БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» ғаламдық хабын басқарушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

27.10.2014

ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар факультетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сафура Бөрібаеваның «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері аясында «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 20 қазан - 25 қазан 2014 жыл

27.10.2014

  • Имидждік жарияланымдар
  • Тақырып жалғасы АҚШ-тан келген студенттер ҚазҰУ-да білім алады
  • Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті
  • Журналистика факультетінде қазақтың алғаш дикторы Мина Сейітованың 95 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби мұрасы бойынша дайындалған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті

27.10.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясымен бірлесе отырып Әл-Фараби мұрасы бойынша дайындалған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

27.10.2014

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ ДАУЛЕТ ФАТИМАНЫҢ «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТЕДІ

Ары қарай оқу >>

"Дәстүр. Философия. Демократия"

25.10.2014

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Өмірбекова Ә.Ө. 23-25 қазан 2014 жылы Түркияның Бурса қ. "Дәстүр. Философия. Демократия" тақырыбындағы ІІІ Халықаралық Философиялық Конгресске қатысты

Ары қарай оқу >>

Мұхтар Әуезов мұражай-үйіне экскурсия

25.10.2014

Философия кафедрасының студенттері «100 кітап» жобасы аясында философия кафедрасының студенттері қазақтың атақты жазушысы М.Әуезовтің мұражай-үйінде экскурсияда болды. Экскурсия барысында студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты ақпараттар алып, «Абай жолы» роман-эпопеясын талқылады. Жастарға ерекше әсер қалдырған жазушының жұмыс кабинеті мен бай кітапханасы және М. Әуезовтың өз қолымен отырғызған бағы, ондағы жеміс ағаштары болды. Іс-шара философия кафедрасының оқытушылары Ж.Дағжан, Т.А.Барақбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы

25.10.2014

2014 жылдың 25 қазанында SLS HOMO клубының мәжілісі өтті. Аль Фараби атындағы ҚазҰУ «100кiтап» жобасының аясында Аристотельдін «Саясат» жұмысыталданды.

Ары қарай оқу >>

М.Әуезов мұражайына экскурсия

25.10.2014

Философия кафедрасының студенттері «100 кітап» жобасы аясында философия кафедрасының студенттері қазақтың атақты жазушысы М.Әуезовтің мұражай-үйінде экскурсияда болды. Экскурсия барысында студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты ақпараттар алып, «Абай жолы» роман-эпопеясын талқылады.

Ары қарай оқу >>

"Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жж. жемқорлыққа қарсы бағдарламасы"

25.10.2014

2014 жылы, 25 қараша күні, сағат 19:00, 14 жатақхананың акт залында, халықаралық құқық мамандығының студенттерімен «Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жж. жемқорлыққа қарсы бағдарламасы бойынша», Тұңғыш Президент күні - Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

кәсіби бағдар жұмысы

24.10.2014

2014 жылдың 24 қазанында сағат 08:00 Философия және саясаттану факультетінің Философия мамандығының 2-ші курс магистранттары кәсіби бағдар жұмысы бойынша жалпы білім беретін №140 мектеп гимназиясының 11-ші сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша тәрбие сағатын өткізді.

Ұйымдастырушылар: философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Г.Ж Нұрышева, кәсіби бағдар жұмысына жауапты, c.ғ.к П.М. Сүлейменов, филос. ғ.д. Ж.А. Алтаев, филос.ғ.к. А.Х Рамазанова, филос.ғ.к. А.М. Сарымсақов, филос.ғ.к. Ж.А. Амиркулова, филос. ғ.к. Ә.А.Құранбек, филос. ғ. д. С.Ж. Еділбаева және 2 курс магистранттары Оразхан Т, Райсов Қ, Сырбаев Е; Қалықов О; Тәттібек Н, Айтжанова Қ, Қалмуратова С, Шүкірбек С.

Ары қарай оқу >>

Консультациялық-сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

24.10.2014

2014 жылдың 24 қазанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкиннің басшылығымен Қазақстанда дін мәселелері жөніндегі Консультациялық-сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Педагогикалық бағдарлар»

24.10.2014

Философия және саясаттану факультеті Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының «Логос» студенттер тобы 2014 ж. 23-24 қазанында Санкт-Петербург қаласы (Ресей) А.И. Герцен атындағы РМПУ-де өткен «Педагогикалық бағдарлар» атты студенттердің халықаралық Герцен педагогикалық олимпиадасына қатысып, жеңіске жетті.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби және қазіргі заман»

24.10.2014

«Философия» кафедрасы «Al-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасын жүзеге асыру аясында «Әл-Фараби және қазіргі заман» оқу құралын дайындады. Оның тұсаукесері 2014 ж. 24 қазанында ҚазҰУ ғылыми кітапханасының үлкен конференц-залында өтті. Университет басшылығы оқу құралы авторларының еңбегін жоғары бағалады: К.Х.Таджикова «Әл-Фараби» үлкен күміс медалімен, Хасанов М.Ш.,Нұрышева Г.Ж., Құрманғалиева Г.Қ., Сейтахметова Н.Л., Джаамбаева Б.А., Сырғакбаева А.С. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

ҚұттықтаймызІ Жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Ары қарай оқу >>

«Философия өмір үлгісі ретінде»

23.10.2014

Философия кафедрасы 23.10.2014 жылы, 16.00-де 7-11 сыныптар арасында Алматы қаласындағы КГУ №2 балалар үйінде «Философия өмір үлгісі ретінде» атты қамқорлық іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шараға Балалар үйінің жетекшісі, мұғалімдер және тәрбиешілер қатысты. Жақсы атмосферада өткен іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия кафедрасы, философия мамандығы туралы баяндамамен ф.ғ.д. доцент Еділбаева С.Ж., аға оқытушы Нығметова А.Т. сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті

23.10.2014

2014 жылдың 23 қазан күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшісі Қ.М. Борбасова, магистранттардың эдвайзері Н.К. Альджанова, «Дінтану» мамандығы 2 курс магистранттары және «Мәдениеттану» мамандығы докторанттарының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Отбасылық үлгідегі «Перзент қайырымдылық балалар үйінде» тәрбиелік іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

22.10.2014

2014 жылдың 24 қазан күні (сағ. 16:00-де) тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының жанындағы «Жас Орда» үйірмесінің ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасын жүзеге асыру мақсатында «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерінің бейнеленуі» атты тақырыпта пікір-сайыс өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың интеллектуалдық капиталы және қазіргі қазақстандық қоғам»

22.10.2014

2014 жылдың 22 қазанында саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың интеллектуалдық капиталы және қазіргі қазақстандық қоғам» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Green Campus» жобасы аясында «Жасыл желек – жан рахаты» атты іс-шарасы өтті

22.10.2014

2014 жылдың 22 қазан күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшісі Қ.М. Борбасова, магистранттардың эдвайзері Н.К. Альджанова және «Дінтану» мамандығы 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Green Campus» жобасы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Үшқоңыр медресесінде «Жасыл желек – жан рахаты» атты ағаш отырғызу іс-шарасы өтті.

Ары қарай оқу >>

"Заң" газеті

22.10.2014

Білім ордасы бағындырған биік

Бүгінде сексен жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Қазақ ұлттық университетінің ел өмірінде алатын орны ерекше. Осы уақыт аралығында білім ордасы заман талабына сай даму үрдісінен өтті. Тәуелсіздік жылдары ұлттық мәртебе алды, әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фараби есімін иеленді. Университетке ел ішінде де, әлемдік ауқымда да ұлттық білім беру жүйесінің мүддесін білдіру, даму деңгейін көрсету сияқты абыройлы да жауапты міндет жүктелді.

Ары қарай оқу >>

С.Мұқановтың «Өмір мектебі» еңбегін талқылау

21.10.2014

Қазақтың белгілі жазушысы С.Мұқановтың мұражай-үйінде философия кафедрасының 1,2-курс студенттері автордың «Өмір мектебі» еңбегін талқылады. Сонымен қатар, студенттер жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы мұражай қызметкерлерінің қызықты дәрістерін тыңдап, C.Мұқановтың өмірде қолданған заттарымен танысты. Шара «100 кітап» жобасы аясында философия кафедрасының оқытушылары Ж.Дағжан мен Т.А.Барақбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде «Елші сағаты» өтті

21.10.2014

Шығыстану факультетінде арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Шәмшиденұлы Әбдірамановтың қатысуымен «Елші сағаты» өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ жастары қалалық велошеруге қатысты

21.10.2014

18 қазанда Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовтың және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры М.М. Бүркітбаевтың қатысуымен қаламыздың дәстүріне айналған велошерудің осы маусымдағы салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бұл шарадан ҚазҰУ-дың жалынды студенттері де құр қалған жоқ. Барынша іс-шараға белсене атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосты.

Ары қарай оқу >>

Қарттар үйі

21.10.2014

21 қазан 2014 жылы сағат 11-00 де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бастан кешкен, көз көрген» атты тақырыпта қарттар күніне байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының оқытушылары Әмірқұлова Ж.А., Рамазанова А.Х., Ж.Қазиеваның, кафедра магистранттары мен журналистика факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Ардагерлер үйінде мерекелік іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Бастан кешкен, көз көрген» атты мерекелік іс-шара

21.10.2014

21 қазан 2014 жылы сағат 11-00 де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бастан кешкен, көз көрген» атты тақырыпта қарттар күніне байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия кафедрасының магистранттары және журналистика факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Ардагерлер үйінде мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс шараны өткізу мақсаты: ардагерлерімізді ардақтау, жастарды үлкенді құрметтеуге және де әрдайым оларға көмек көрсетуге үндеу. Шара барысында студенттеріміз қарттарға ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін көрсетіп, көңілдерін көтерді. Мерекелік іс шараның соңында апаларымыз бен аталарымыз өз ризашылықтарын айтып, баталарын берді.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар жұмысы

21.10.2014

2014 жылдың 21 қазан күні сағат 08:00 Философия және саясаттану факультетінің Философия мамандығының 1 курс магистранттары кәсіби бағдар жұмысы бойынша жалпы білім беретін № 67 мектепте 11-ші сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша тәрбие сағатын өткізді. Ұйымдастырушылар: Философия және саясаттану факультеті, философия кафедраcының меңгерушісі Нұрышева Г.Ж., кәсіби бағдар жұмысына жауапты Сүлейменов П.М., философия кафедрасының куратор-эдвайзері доцент, фил.ғ.к. Рамазанова А.Х., доцент, фил.ғ.к. Амиркулова Ж.А., фил.ғ.к., доцент Асқар Л.А., және 1 курс магистанттары Елубаев Б., Мажиұлы Е., Сайлаубекқызы М., Уразбаева Б.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді

21.10.2014

2014 жылдың 24 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде (сағ. 16:00, 218-дәрісхана) филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сафура Бөрібаеваның «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

www.baq.kz

21.10.2014

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың кітабының тұсаукесері Германияда өтті

АЛМАТЫ. 21 қазан. Baq.kz - Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісіәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" газеті

21.10.2014

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың кітабының тұсаукесері Германияда өтті

Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісіәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 13-18 қазан 2014 жыл

20.10.2014

  • Имидждік жарияланымдар
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ ұжымы Бас мүфтимен кездесті
  • Германиядағы «Frankfurter Buchmesse-2014» деп аталатын 66-шы халықаралық кітап көрмесіне «Қазақ университеті» баспасы да қатысты
  • ҚазҰУ-да Елбасының «Ұлытау төріндегі ой толғау» сұхбатына арналған талдау конференциясы өтті
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Қытай арасындағы сауда-экономикалық мәселелерге арналған конференция өтеді

20.10.2014

2014 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті «Жібек Жолындағы (Қазақстан-Қытай) сауда-экономикалық ынтымақтастық: құқықтық аспектілері» тақырыбында халықаралық форум өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Болашақ баспагерлер «Құмбел-Бірлік» шыңына шықты

20.10.2014

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасы табиғат аясында ерекше дәріс өткізді. Дәрісті баспа ісі және дизайн кафедрасының 4 курс студенті, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлы ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Идеалы и ценности ислама в образовательном пространстве XXI века»

17.10.2014

2014 жылдың 16-17 қазанында Башқұртстан Республикасы Президенті, Ақмулла ат. Башқұр мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресейдің мұсылмандарының орталық рухани басқармасы Ресей ислам университеті (Уфа қ.) мемлекеттік –конфессиялық аралық қатынастар VII халықаралық-практикалық конференция «Идеалы и ценности ислама в образовательном пространстве XXI века» тақырыбында өткізді. Конференцияға Кувейт, Марокко, Туниса, Турции, АҚШ, Ресейден келген ғалымдар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы дикторлық мектептің қалыптасуы мен дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді

17.10.2014

22 қазанда (сағ. 10:00, №230 Т. Қожакеев атындағы Акт залында) Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, «Қазақстан» РТРК қолдауымен тұңғыш қазақ дикторы, ұлттық дикторлық мектептің негізін қалаған Мина Сеитованың 95-жылдық мерейтойына арналған Бірінші Сеитова оқулары аясында «Қазақстандық дикторлық мектептің қалыптасуы, дамуы және болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Еуропалық Одақтағы құқықтық ғылымның заманауи ахуалы мен келешектегі дамуы»

17.10.2014

2014 жылы 17-ші қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық және дипломатиялық аударма кафедрасы «Еуропалық Одақтағы құқықтық ғылымның заманауи ахуалы мен келешектегі дамуы» атты тақырыбында Халықаралық ғылыми – тәжірибелік семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

17.10.2014

Әлемдегі ірі баспалардың бірі ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың кітабын жарыққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың кітабының тұсаукесері Германияда өтті

15.10.2014

Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті. Мерейлі шара Германиядағы «Frankfurter Buchmesse-2014» деп аталатын 66-шы халықаралық кітап көрмесі аясында өткізілді.

Ары қарай оқу >>

"Жас өнерпаздар сайысы"

15.10.2014

2014 жылдың 15 қазанында сағат 16.00-де Философия және саясаттану факультетінің ұйымдасыруымен факультетімізде 1 курстар арасында кафедралардың қатысуымен «Жас өнерпаздар » сайысы өтті.Сайыста факультеттің барлық бөлімдері 1 курс студенттері куратор –эдвайзерлерінің бастауымен белсенді түрде қатысты. Сайыс соңында студенттер әр түрлі номинациялар бойынша марапат қағаздарымен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы

14.10.2014

Философия кафедрасы 14.10.2014 ж. «100 кітап» жобасы аясында Артур Шопенгауэрдың «Мир как воля и представление» кітабын талқылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ф.ғ.д., доцент Едильбаева С.Ж., ф.ғ.к., аға оқытушы Нигметова А.Т.

Шығармашылық сипатта өткен талқылауға қатысқандар:

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы

14.10.2014

2014 жылдың 14 қазанында сағат 10:20 Халықаралық қатынастар факультетінде 117 аудиторияда «100 кітап» жоба аясында өткізілген Конфуцийдің «Лунь Юй» еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар: Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының куратор-эдвайзері доцент, филос.ғыл.канд. Рамазанова А.Х., доцент, филос.ғыл.канд. Әмірқұлова Ж.А., доцент, филос.ғыл.канд. Сүлейменов П.М., доцент, филос.ғыл.канд. Джаамбаева Б.А. және 2 курс магистанттары Алтайбаева А. Қалықов О.

Ары қарай оқу >>

«Университеттің тұрақты дамуындағы музей инновациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

14.10.2014

17 қазанда (сағ.: 13:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейі галереясы) «Айналаңды нұрландыр» университеттік жобасының аясында ҚазҰУ Музейі мен тарих, археология, этнология, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің қатысуымен және «Pattern Pecognition» поляк фирмасының қолдауымен «Университеттің тұрақты дамуындағы музей инновациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар жұмысы

14.10.2014

2014 жылдың 14 қазанында сағат 08:00 Философия және саясаттану факультетінің Философия мамандығының 2-ші курс магистранттары кәсіби бағдар жұмысы бойынша №83 гимназиясының 10-11-ші сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша тәрбие сағатын өткізді. Ұйымдастырушылар: философия кафедрасының куратор-эдвайзері доцент, филос.ғыл.канд. Рамазанова А.Х., доцент, филос.ғыл.канд. Әмірқұлова Ж.А., доцент, филос.ғыл.канд. доцент, филос.ғыл.канд. Джаамбаева Б.А., филос.ғыл.канд. Асқар Л.Ә., филос.ғыл.канд Борецкий О.Н. және 2 курс магистанттары Алтайбаева А., Абдихапарова Г., Джалмағамбетова С., Байназаров А.

Ары қарай оқу >>

Schrödinger компаниясы өкілінің қатысуымен онлайн-конференция өтеді

14.10.2014

16 қазанда механика-математика факультеті 321 аудиторияда (сағат 10.00) жоғарғы өнімді есептеулер бойынша KAZNU-INTEL орталығы, математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы, Schrödinger компаниясы қызметкері Alexander Goldberg қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Француз Республикасының ЖОО-ғы қорытынды бақылауды жүзгізу әдістері туралы»

14.10.2014

2014 жылыдың 14 карашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасында «Француз Республикасының ЖОО-ғы қорытынды бақылауды жүзгізу әдістері туралы» тақырыпта оқу-әдістемелік семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Кастинг!

14.10.2014

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері! Сіздері VI рет «Студенттер Сенаты» ұйымдастырып отырған жобалардың бірі «Ана тілі - аруы және Жігіт сұлтаны» сайысына қатысуға шақырады!

Ары қарай оқу >>

«Музыка – адам жан дүниесінің ырғағы» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті

13.10.2014

2014 жылдың 10 қазан күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Музыка – адам жан дүниесінің ырғағы» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«Буддизм ваджраяны в России: традиции и новации»

13.10.2014

ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қарлығаш Молдагалиевна «Буддизм ваджраяны в России: традиции и новации» атты төртінші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция Астрахань қаласында Астрахандық мемлекеттік техникалық университетінде 10 - 13 октябрде өтті. Профессор «Буддизм в Казахстане: история и современность» атты баяндамасын оқыды.

Ары қарай оқу >>

Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан мектептеріне жапон елін таныстырушы

13.10.2014

30 қыркүйек пен 10 қазан аралығында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті «Корейтану және жапонтану» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен және халықаралық жапон тілі қорының қаржыландыруымен Қазақстанның батыс аймақтары Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бойынша іссапарлар өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 6-11 қазан 2014 жыл

13.10.2014

  • Имидждік жарияланымдар
  • Жолдау
  • Тақырып жалғасы «Студенттер қатарына қабылдау – 2014» салтанатты дәстүрлі кеші өтті
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы НАТО туралы ақпараттық және ресурстық орталық пен Халықаралық және еуроатлантикалық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты зерттеу орталығы «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының аясындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығы: сабақтары мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа жиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжиірбелік конференция өтеді
  • ҚазҰУ ұжымы Бас мүфтимен кездесті
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да футболдан Ұлттық студенттер лигасы ойындарының «Күз-2014» турнирі өттіп жатыр

13.10.2014

Өткен сенбі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің қатысуымен футболдан Ұлттық студенттер лигасы ойындарының «Күз-2014» турнирі өтті. Турнир кестесі бойынша алғашқы ойын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің командалары бәсекеге түсіп, нәтижесінде 8:3 есебімен ҚазҰУ командасы жеңіске жетті. Ескерте кетелік, турнир ойындары жалғасып жатыр. Ойындар барысында Астана қаласындағы финалдық ойынға баратын үздік төрт команда алдағы қараша айының 15-жұлдызында анықталатын болады.

Ары қарай оқу >>