"Заң" газеті

22-қаз-14

Көрулер: 1569

Білім ордасы бағындырған биік

Бүгінде сексен жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Қазақ ұлттық университетінің ел өмірінде алатын орны ерекше. Осы уақыт аралығында білім ордасы заман талабына сай даму үрдісінен өтті. Тәуелсіздік жылдары ұлттық мәртебе алды, әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фараби есімін иеленді. Университетке ел ішінде де, әлемдік ауқымда да ұлттық білім беру жүйесінің мүддесін білдіру, даму деңгейін көрсету сияқты абыройлы да жауапты міндет жүктелді.

Ұзақ жылдар бойы университетіміз өзгелерге үлгі бола білді. Қарашаңырақтан білім алған шәкірттер қазір Қазақстанды ғана емес, әлемді мойындатуда. Білім ордасы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технология министрі Ә.Исекешовті, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңе сінің төрағасы И.Роговты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмиді және басқа да белгілі саяси және қоғамдық қайраткерлерін мақтан тұтады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті университеттер арасындағы әлемдік рейтингте өз орнын табанды түрде сақтап келеді. Соңғы жылдары университет өз рейтингісін айтарлықтай көтеруге қол жеткізді, бұл оған ғаламдық деңгейдегі жоғары білімнің бәсекеге қабілетті ортасының толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Г.Мұтановтың атап өткеніндей, менеджмент жүйесіне, оқу-тәрбие мен ғылыми-зерттеу үдерісіне енгізілген техно логиялар әлемдік рейтингте алға жыл жуға серпін беруде. 2013 жылы университет Орталық Азия мен Қазақстан университеттері арасында алғаш рет мойындалған 800 жоғары оқу орындарының арасында 299 орын алып, QS World Universiti Ranking халықаралық рейтингте әлемнің топ-300 үздік университеттерінің қатарына енді. Университеттің дамуы үшін қолайлы ахуалды бірінші кезекте профессорлық-оқытушылар құрамы, әкімшілік ресурстар мен университеттің кадрлық әлеуеті, сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да құрылған Түлектер қауымдастығы жасайды. Осы құрамдас үш тармақ бүгінгі күні қол жеткен жоғары нәтижелерге мұрындық болды. Университет әртүрлі білім ұйымдарымен жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде халықаралық байланысты нығайтты. Жыл сайын академиялық оңтайлы бағдарлама бойынша профессорлық оқытушылық құрам мен білім алушылар жоғары білімнің шетелдік тәжірибесімен таныса алады.

Мысалы, азаматтық құқық және азаматтық іс жүр гізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті А.Дощанова Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің құрамында Ұлыбританияның Рединг университетінде тағылымдамадан өтті. Осы кафедраның аға оқытушысы А.Асқарова да Лондонның Брунель университетінде тағылымдамадан өтуге арналған стипендияның иегері болып табылады. Тағылымдама барысында алынған білім мен дағдылар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру қызметін дамыту мен реформалауға қомақты үлес қосуға мүмкіндік береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми кластер болып табылады. Университеттің он төрт факультетінде және көптеген ғылыми орталықтары мен институттарында ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады. Олардың тек республикалық көлемде ғана емес, сондай-ақ, әлемдік ауқымда да маңызы үлкен. Универ ситет пен профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын «Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы» атағын, ел Президентінің «Болашақ» стипендиясын және басқа да марапаттарды иеленуде. Білім ордасына тұрақты даму мәселелері бойынша «United Nation Academic Impact» (БҰҰ-ның академиялық ықпалы) жаһандық желісін басқару сеніп тапсырылды. Бұл ресми шешім ҚазҰУ-дың білім мен ғылым ның көшбасшысы ретінде беделді халықаралық ұйым екенін айғақтайды. Бұған қоса, ҚазҰУ әлемнің 50 технологиялық тұрғыда дамыған университеті рейтингінде 31 орынды иеленді.Университет қазіргі таңда жоғары білім д і ұйымдастыру рейтингінде жетекші орын ды иеленуде. Сонымен қатар, білім ордасы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, өз алдына жаһандық бәсекелестік ортада дәрежесін ұдайы көтеру міндетін қойып отыр. Адамдық ресурстардың орасан зор әлеуетіне ие бола отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған жаңа міндеттерді орындау үшін бүкіл күш-жігерін жұмсайды және әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі жоспарды жүзеге асыру жолында өзінің лайықты үлесін қосатын болады.

С.ТЫНЫБЕКОВ,

з.ғ.д. профессор, Азаматтық құқық

және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы

кафедрасының меңгерушісі