Green Campus» жобасы аясында «Жасыл желек – жан рахаты» атты іс-шарасы өтті

22.10.2014

Көрулер: 2334

Аталған іс-шараға Үшқоңыр медресесі шәкірттері де белсенді атсалысты. Дана халқымыз «Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап» деп тал-ағаш отырғызудың сауап екенін меңзеп кеткен. Әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесіне саялап, кәдесіне жаратса оның өзі үлкен сауапты іс. Сонымен қатар, ағаштың экологиялық мәселені, ғаламдық жылынуды реттеуде де маңызы зор. Сондықтан да мұндай шаралар кейінгі толқын жастарды табиғат ананы сүюге, оны аялауға тәрбиелейтіні анық.