Жаңалықтар

Жыл табысты да жемісті болсын! – ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов

29.12.2012

Құрметті əріптестер жəне студенттер!

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2013 жылмен құттықтаймын! 2012 Ұлу жылы өзінің сəттіліктерін сыйлап өтіп бара жатыр. Бұл жыл тарихи күнтізбемізде айтулы белестерге толы болуы мен ерекшеленеді. Биыл қара шаңырақтың əлемдік жəне отандық бі лім жəне ғылым кеңістігінде абыройы артқандығын зор мақтанышпен айта аламыз.

Ары қарай оқу >>

"Түркістан" республикалық апталық басылым

28.12.2012

РЕКТОРҒА – АЛТЫН МЕДАЛЬ

Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясы Президиумының шешімімен (ЖМ ХҒА) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медалімен марапатталды. Жоғары марапатты ол Орта-Азиялық аймақ бойынша алғашқы болып иеленді. Академия мүшелері арасында мұндай марапатқа ие болған заманауи ғалымдардың арасында Нобель сыйлығының иегері Ж.И. Алферов бар.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

28.12.2012

Тарих ғылымының тағылымы көп

28.12.12.
Өркениеттің негізгі белгісі - мемлекеттің рухани және мәдени қуатының, ғылымы мен білімінің жоғары болуында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ХХІ ғасыр - білім және ғылым ғасыры болады» деп, жастардың жан-жақты білім алуына үлкен мән берді. Қазақстан тарихы ғылымын өркендету барысында Н.Назарбаев биылғы жылы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының 13 тапсырмасында Қазақстан тарихы пәніне қатысты оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құрамына сараптама жасауды, оқу орындарында ел тарихын оқытудың мазмұны мен сипатын өзгертуге бағытталған іс-шаралар өткізуді міндеттеген еді.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясының 2012 жылғы иегерлері

27.12.2012

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым мен білім саласын дамытуда шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибеге сүйенудің маңыздылығын есепке ала отырып, университет профессорлық-оқытушылар құрамын халықаралық стипендиалық бағдарламаларға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясын тағайындау байқауына белсенді түрде қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Қазыналы ҚазҰУ қариялары бас қосты

26.12.2012

Қай заманда болсын қариялардың қазақ қоғамында алар орны өзгеше болған. Бүгінгі жаһандану дәуірінде де ақсақалдар сөзі салмақты, мәнді, маңызды. Халқымызда «Қариясы бар үйдің, Қазынасы бар деген» сөз бар. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы ұлағатты берік ұстанған. Осы орайда, 26 желтоқсан күні ақсақалдарға құрмет көрсетіп, олардың теңдессіз ақыл-кеңесін тыңдауға жол ашқан Ақсақалдар кеңесінің басқосуы өтті.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

25.12.2012




Талғат МЕКЕБАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы: Кәсіподақтың негізгі міндеті - өз мүшелерінің мүддесін қорғау

- Талғат мырза, кез келген мекеме немесе ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі болатыны аян. Осы ретте әңгімемізді еліміздегі әлеуметтік жауапкершілік һәм әріптестік жөнінен бастасақ...

Ары қарай оқу >>

"Қазақ радиосы"

25.12.2012

Мәдениет
Бүгін даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі және халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 102 жыл толды

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.Мұтанов алтын медальмен марапатталды

25.12.2012

Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясы Президиумының Шешімімен (ЖМ ХҒА) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медальімен марапатталды. Жоғары марапатты ол Орта-Азиялық аймақ бойынша алғашқы болып иеленді. Академия мүшелері арасында мұндай марапатқа ие болған заманауи ғалымдардың арасында Нобель сыйлығының иегері Ж.И.Алферов бар.

Ары қарай оқу >>

Защита докторской диссертации

24.12.2012

24.12.2012 г. алғаш рет философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қазақ тілінде психология саласы бойынша ғылыми докторлық диссертациясының қорғауы өтті. Диссертация тақырыбы «Стресс пен қажудың зейінді реттеуге және когнитивтік тапсырманы орындауға әсері», ізденуші – жалпы және этникалық психология кафедрасының PhD докторанты Жолдасова М.К.М

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 17.12.2012-22.12.2012

24.12.2012

  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Тәуелсіздік күнін тойлады
  • Елбасы жолдауына пікір
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Әузхан Қодармен кездесу өтті
  • Тарих, археология және этнология факультетінде «Ақпараттық қатыныс технологияларының мүмкіндіктері мен Отан тарихының мәселелері» атты конференция өтті
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ студенттері жетім балаларға жаңа жылдық концерт өткізеді
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері жетім балаларға жаңа жылдық концерт өткізеді

20.12.2012

«Жаңа жылға бірлесе сый тартайық!» - дәл осындай ұранмен жаңа жыл алдындағы күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің студенттері, «Шеврон» компаниясы және «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры ұйымдастырған акция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Жолдау аясындағы жаңа жоба

19.12.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына өзіндік үн қосты. Университеттің оқытушы-профессорлық құрамының қызу қолдау көрсеткен лебіздері баспасөз беттерінде жарияланып үлгерді. Алайда жолдауды терең түсініп, кеңінен саралауға арналған ректорат мәжілісі 19 желтоқсанда өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 10.12.2012-15.12.2012

17.12.2012

  • 12 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультетінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы және Алматы қаласы Білім Департаментімен бірлесе «Ақпараттық-қатынас технологияларының мүмкіндіктері мен Отан тарихының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
  • Әзілхан Нұршайықоы атындағы байқау қорытындысы бойынша марапаттау өтті
  • «Үш жұлдыз» - ҚазҰУ ілгерілеуі
  • «Ү Қабдолов оқулары» өтті
  • Тарих, этнология және археология факультетінде «Бір Отан, бір тағдыр, бір Президент» атты мерекелік шара өтті
  • ҚазҰУ Тәуелсіздік күнін атап өтті
  • Журналистика факультетінде «Отандық және шетелдік кітап шығару, кітап тарату істерінің теориясы мен тәжірибелері» атты конференция өтті
  • Тәуелсіздік күніне пікір
  • Елбасы Жолдауына пікірлер
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Елбасы Жолдауы – жастарды қолдауы

15.12.2012

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады.Бұл жылғы Елбасы Жолдауы 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру идеясымен ерекшеленді. Расында, 2030 жылға жасалған жоспарлар өз мерзімінен бұрын орындалып, стратегияның қабылданар кезінде күмән келтірген халыққа мақсаткерлік нәтижесін дәлелдеп қана қоймай, еңбектеріне жаңа серпіліс беріп, жүректеріне жарқын болашаққа деген сенімді ұялатты десем артық айтпаспын. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуге бір қадам қалған шақта Елбасы бұл жетістіктердің барлығын мемлекет азаматарының еңбегі деп білетінін атап өтті. Сонымен қатар, ел болашағын қалыптастырып келе жатқан жас буын ұрпаққа: «Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»-деп жас жеткіншектерге ел болашағының жауапкершілігін жүктеді.

Ары қарай оқу >>

Ел дамуының жаңа межесі

15.12.2012

Қазақстан Республикасынң Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында ел халқына арнаған Жолдауының маңызы өте ерекше деп есептейміз. Себебі, бүгінгі таңда біздің тәуелсіз еліміз өз тарихының жаңа беттеріне күн санап ерен жетістіктермен, толағай табыстармен қарқынды қадам басуда. Елбасы атап өткендей, осындан 20 шақты жыл бұрын ғана әлем жұртшылығына аса танымал емес белгісіз елден біз әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды, қуатты, гүлденген және жасампаз мемлекет құруға қол жеткізе алдық. Әрине, еліміздің жетістіктері мен толағай табыстарының басында ең алдмен Елбасы тұлғасы тұр.

Н.А. Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен саяси көргендігінің нәтижесінде сол бір қиын-қыстау шақта ел дамуының «Қазақстан – 2030» стратегиясы түзілді. Күн санап алға қойған мақсаттарға табандылықпен жақындап келе жаттық. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық межесіне жеткен кезеңде біз аталған стратегиялық даму жоспарында көрсетілген мақсаттардың шын мәнінде жүзеге асқандығының куәсі болып отырмыз.

Ары қарай оқу >>

Табысты жетістіктер кемел келешекке бастайды

15.12.2012

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – мемлекетіміздің тұтас рухы мен дәстүріне айналды. Әрбір жолдау Қазақстанның кемелділігі мен азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. 14 желтоқсанда Астана төрінде Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа бағдарламалық құжатты ел назарына ұсынды. Мазмұны тың, өрісі кең жаңа жолдау ел болашағы мен мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге бағытталған.

Осыдан 15 жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдаған болатын. Осы 15 жыл ішінде елімізде ауыз толтырып айтарлықтай, жемісті де жетістікті істер көп. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыз еркін еңбек етуде. Міне, осындай саяси мәні бар құжаттан соң өмірге талай-талай мемлекетіміздің қарыштап дамуына септігін тигізетін өміршең бағдарламалар дүниеге келді. «Қазақстан-2030» стратегиялық құжаты еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өріс алуына ауқымды жол ашты. Бағдарлама аясында қыруар шешімдер қабылданып, жүзеге асты, өзге мемлекеттер жүздеген жылдарда жеткен жетістіктерге Қазақстан ондаған жылдарда жетті. Бірақ әлемнің даму өрісі бір қалыпты емес және әрқилы. Биылғы Жолдаудың пісіп жетілуінде субстанциялық себеп болып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты барша Қазақстан халқы мен Әлем елдеріне жолданды. Бағдарламада қалыптасқан Қазақстан Республикасының Әлемдік түрлі үдерістердегі келелі дамуы мен өркендеуі тайға таңба басқандай айқындалып берілді. Жолдаудың негізгі сипаты:

Ары қарай оқу >>

Жарқын болашаққа жол ашқан жолдау

15.12.2012

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын зор ынтамен тыңдадық. Бүгіннің биігінен қарап, өткен уақыт пен жаңа кезеңді салыстыра саралап, Қазақстанның келешек өзіндік даму үлгісін мақсат тұтқан, көрегендік пен кемеңгерліктің, парасатты ой мен кемел шығармашылық ізденістің жемісі болып табылатын жаңартпалы жаңа стратегиялық бағдарламаны жүрекпен түйсініп қабылдамау мүмкін емес.

Ел өмірін 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жиыны жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту.

Бұлардың бәрі бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері. Елбасының тұжырымы бойынша осылардың бәрін негізге ала отырып, Қазақстан өз дамуының 2050 жылға дейінгі бағыт-бағдарын нақты айқындауы тиіс.

Ары қарай оқу >>

XXI Ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры

15.12.2012

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздігінің 21 жылдық мерей тойының қарсаңында, жаңа ғана есігін айқара ашқан Астананың Опера балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті халыққа жолдауын жариялады.

«Қадірлі отандастар!» деп бастады өзінің жолдауын. Тәуелсіз ел болып өмір сүре бастаған 21 жылда ғасырға татитын тарихи жолдан өттік. Осы мерзімде ұлан ғайыр табыстарға жеттік. Оған дәлел: ата заңымызды қабылдадық, дербес даму жолын таптық, жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа белеске шықтық. Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған ұзақ мерзімді стратегия 2030 бізге даму жолымызды “маяк” тәрізді көрсетті. Халқымызда көз қорқақ – қол батыр деген ұлағатты сөз бар. Сол бағдарламада межелеген 7 бағытты толық орындадық. Ең бастысы ұлттық қауіпсіздігімізді қорғай отырып, мыңдаған шақырымдық еліміздің шекарасын анықтап дербес мемлекеттік қауіпсіздігімізді сақтап отырмыз. Саяси тұрақтылықты сақтау үшін Халықтар достығы ассамблеясын құрып еліміздегі тұрақтылық ұлтаралық татулықты дамыттық. Экономикамыз өркендеп, дүние жүзіндегі алдынғы қатардағы 144 елдердің ішінен 50-ші орынға ендік. Алтын-валюта қорымыз 87 миллярдқа жетіп халықтың табысы 16 есеге көтерілді. Денсаулық сақтауға, ғылым мен білімге 9 жарым есе қаржы бөліп 240 мектеп, 708 аурухана салдық. Халықаралық стандартпен білім беретін Назарбаев Университетін ашып, жастарымызға білім бере бастадық.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ оқытушылары видеоконференцияға қатысты

13.12.2012

Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің ұйымдастыруымен «Мүгедек жандарды (инвалидттерді) Тәуелсіз Елдер Мемлекеттерінде (СНГ) үздіксіз оқыту мәселелерінің жетістіктері, проблемалары және болашағы» атты халқаралық видеоконференция өткізілді. Видеоконференцияға 7 мемлекет және 30-дан астам оқу орындары, ұйымдар қатысты. әл-Фараби атындағы Ұлттық университет атынан биология және биотехнология факультеті деканы Тамара Шалахметова, дене тәрбиесі және спорт кафедрасынан кафедара меңгерушісі, оқытушылар, магистранттар, студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Ханъянг университетінің профессоры Ким Юнг Чжиннің лекциясы өтеді

13.12.2012

14 желтоқсан 2012 г. сағат 15.00-де Шығыстану факультетінің конференц-залында (503 ауд.) АТА Институтының директорының орынбасары, Ханъянг университетінің профессоры Ким Юнг Чжин (Южная Корея) мырзаның «Economic Development in Korea: Performance and Lessons» тақырыбындағы лекциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенті қазақ тілі білгірлері атанды

13.12.2012

2012 жылдың 11 желтоқсан күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті және Қазақстанның Орыс Қауымының ұйымдастыруымен «Тіл– халық жанын танудың кілті» тақырыбында қазақ тілі білгірлерінің VI республикалық байқауы өтті. Байқауға мемлекеттік тілімізді жетік меңгерген еліміздің әр облысынан келген орыс ұлты өкілдерінің жастары қатысып, білімдері мен өнерлерін көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз! ҚазҰУ ғалымдарының ізденістік зерттеулердi жүргізуге арналған гранттық қаржыландыруға байқау жарияланды

12.12.2012

2012 жылдың 10 желтоқсаны мен 2013 жылдың 25 қантар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен мамандырының арасында ізденістік зерттеулердi жүргізуге арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік клуб дөңгелек үстел ұйымдастырды

12.12.2012

2012 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң бүкiләлемдiк күнiне орай қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастауымен Коррупцияға қарсы студенттік клубы «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық: мәселелері және шешімнің жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ құрама командасы чемпион атанды

11.12.2012

Кеше Н.Сац атындағы жасөспірімдер театрында Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен Алматы қалалық Супер лига чемпионатының финалдық бәсекесі өтті. ҚазҰУ құрама командасы осы сайыста өте жоғары көрсеткішпен чемпион атанды.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет

11.12.2012

Зейнолла Қабдолов тағылымы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «V Қабдолов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет

11.12.2012

Болашақтың айқын бағдары

Халықтың алдағы күнге деген сенімін арттырып, қалың елді болашаққа бастар даңғыл жолға салу қай заманда да оңай болмаған. Осыдан 15 жыл бұрын «Қазақстан-2030» cтратегиялық құжаты қабылданған 1997 жыл еліміздің гиперинфляция мен экономикадағы алапат рецессияны жаңа ғана тежеген, халқымыздың шынында да қиналып, «жағдайымыз қалай болар екен» деп, үміт пен уайымның арасында жүрген шағы-тын. Осы тұста қоғам алдында үлкен таңдау тұрды. Қандай үлгіні қабылдау керек? Қандай мақсатқа ұмтылу керек? Әркімді заман билеп арпалысып, айқасып жатқан кезеңде бар сезімді ақылға суартып, өткен дәуір мен жаңа кезеңді салыстырып, саралап жол сілтейтін Көшбасшының қажеттігі осындай сын сағаттарда анық аңғарылды. Замана сұранысы, тарих қажеттілігі ондай тұлғаларды тудырады да. Осындай аласапыран уақытта халықтың арман-мұратын, қажыр-қайратын жасампаз арнаға қарай бұру Елбасымыздың алдында тұрған алыстан болжаған аса маңызды міндет болатын. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін» деп айтпақшы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған стратегия, болашаққа бағдаршам ретінде ұсынған еді.

Ары қарай оқу >>

Ректорат мәжілісі технопаркте өтті

10.12.2012

Мәжілістің технопаркте алғаш өтуі жөнінде ректор Ғ. Мұтанов «ҚазҰУ-дың механика-математикалық факультетінде «Алгаритм» бизнес-инкубаторы ашылған болатын. Бұл технопаркте әлеуметтік-гуманитарлық блокқа ерекше көңіл бөліп отырмыз. Студенттердің қазіргі ойлары, мақсаттары мүлдем басқа, оларға біз әрқашан қолдауға дайынбыз. Әр факультетте осындай бизнес-инкубаторларды іске асыруымыз керек. Олар өз идеяларын коммерциализациялай алады. Барлығы да болашақ үшін жасалып отыр», - деді. Ал, келесі ректорат мәжілісі «әл-Фараби ғылыми кітапханасында» өтетіндігі хабарланды.

Ары қарай оқу >>

Ян Садлак «ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры» атанды

10.12.2012

ҚазҰУ-дың ректорат мәжілісінде Академиялық саралау және басымдық бойынша халықаралық обсерватория IREG Президенті Ян Садлакқа «ҚазҰУ-дың құрметті докторы» атағы беріліп, салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты ашық эдвайзерлік сағат өтті

10.12.2012

Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты және бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол - баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілеушілдікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан жетістігі – EXPO2017» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

10.12.2012

Философия және саясаттану факультетінде, жалпы және этникалық психология кафедрасы психология мамандығының 2 курс студенттерімен «Қазақстан жетістігі – EXPO2017» атты тақырыбында ұйымдастырған ашық тәрбие сағаты зерделі өтті. Ашық сабақта факултеттің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Нұрсұлу Сейіткерімқызы сөз сөйлеп, еліміз бен Елбасымыздың 20 жылдық жетістіктері жөнінде сөз қозғап, келешек буынға деген өзінің жылы лебізін, ниетін білдірді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 03.12.2012-08.12.2012

09.12.2012

  • Тұңғыш Президент күніне пікірлер
  • Тұңғыш Президент күніне арналған Вена балы
  • «Үш жұлдыз» - ҚазҰУ ілгерілеуі
  • ҚазҰУ-да Елбасы мақаласын талдау өтті
  • Филология факультетінде «Түркі жазуы мейрамы» аталып өтті
  • Ана тілі аруы мен Жігіт сұлтаны байқауы мәреге жетті
  • Журналистика факультетінде қоғамдық тыңдау өтті
  • «Ү Қабдолов оқулары» өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен бақылау кеңесі өтті

08.12.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кезекті бақылау кеңесінің отырысы өтті. Алматыға Бақылау кеңесінің отырысына келген Еліміздің білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚазҰУ-дағы Орталық Азияда орыны биік Ғылыми кітапхананың жұмыс барысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

«Орындалмаған арман, ақталмаған үміт, баянсыз махаббат» атты шығармашылық кеш өтті

07.12.2012

№13 жатақханада университет ректоры Ғ.М.Мұтановтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында 1 курс магистранттары мен ОЗХТ – 404, 405 топ студенттерінің ұйымдастыруымен (куратор – эдвайзерлер: проф. Аубакиров Е.А., доц.Ташмұхамбетова Ж.Х.) Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» драмалық повесті негізінде «Орындалмаған арман, ақталмаған үміт, баянсыз махаббат» атты шығармашылық кеш өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

07.12.2012

Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай №9 жатақханада филос.ғ.к., аға оқытушы, Бияздыкова Кенжегүл Әлібекқызының ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты кафедра күнінің мерекелік іс-шарасы өтті!

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың жас ғалымдары Назарбаев оқуларына қатысты

07.12.2012

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанттары, магистранттары - Назарбаев шәкіртақы иегерлері Бурлибаева Д., Копытина Д., Молдабеков Ж. және Оспанова З., Астана қаласында, «Назарбаев университетінде», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумына қатысты. Форумда белгілі саясаткерлер, сарапшылар 51 елдің ғалымдары қатысты. Форумның ғылыми бағдарламасы егеменді Қазақстанның дамуы мен құрлуына шешуші ықпалын тигізетін ұлт көшбасшысының бастамасымен байланысты.

Ары қарай оқу >>

“Ұлт рухы - ұлылармен мықты!” тақырыбында байқау өтті

06.12.2012

2012 жылдың 06 желтоқсан күні география факультетінің І оқу залында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында және ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатында “Ұлт рухы - ұлылармен мықты!” атты география, табиғатты пайдалану факультеті студенттерінің қатысуымен факультет көлемінде байқау өткізілді.

Ары қарай оқу >>

“Ұлт рухы - ұлылармен мықты!”

06.12.2012

2012 жылдың 06 желтоқсан күні география факультетінің І оқу залында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында және ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатында “Ұлт рухы - ұлылармен мықты!” атты география, табиғатты пайдалану факультеті студенттерінің қатысуымен факультет көлемінде байқау өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде Қазақстан Тәуелсіздігі тарихын талқыламақ

06.12.2012

8 желтоқсан 2012 жылы сағат 11.00-де заң факультетінің 410 ауд. «Союз ради прогресса» студенттер клубы заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасымен бірігіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Жаңа аспаптар қолданысқа енеді

06.12.2012

7 желтоқсан cағат 16.00-де География және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің болашақ мамандығым!» атты кафедра күніне орай заманауи геодезиялық электронды аспаптардың тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына! тілдер мен мәдениеттердің халықаралық студенттік қысқы фестивалі өтеді

06.12.2012

13 қараша 2012 күні сағат 11.00-де ЖОО дейінгі білім беру факультетінің акт залында Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Біз қонаққа шақырамыз!» атты тілдер мен мәдениеттердің халықаралық студенттік қысқы фестивалі өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да V Қабдолов оқулары өтеді

05.12.2012

7 желтоқсанда қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы «V Қабдолов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді. Конференция тақырыбы «Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері».


Ары қарай оқу >>

Адам ресурстарын дамыту бойынша конференция өтеді

05.12.2012

7-8 желтоқсанында 2012 жылы сағат 10:00-де экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен (№201 ауд.) «Ғаламдану жағдайындағы адам ресурстарын дамыту алғышарттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Тұңғыш Президент күніне арнап дөңгелек үстел өткізді

05.12.2012

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» күніне арнап 2012 жыл қарашаның 30 жұлдызында «Елбасы және тәуелсіздік» атты дөңгелек үстелін өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік шығарма» байқауының жеңімпаздары анықталды

05.12.2012

26 қарашада 2012 жылы Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқауының қорытындысы жарияланды.

Ары қарай оқу >>

«Open Faculty» жобасы тыңдармандарының назарына

05.12.2012

8 желтоқсан сағат 11.00-де ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен биология биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында «Open Faculty» жобасының тыңдармандарына лекция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік

04.12.2012

6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай №9 жатақханада «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты кафедра күнінің мерекелік іс-шарасын өткізеді. Келем деушілерге есік ашық!

Ары қарай оқу >>

«Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы медициналық көмек»

03.12.2012

2012 жылдың 29 қараша күні Химия және химиялық технологиялар факультетінде Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы негізінде құрылған «Құтқарушы» ғылыми-зерттеу клубының «Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында ашық практикалық сабағы өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 26.11.2012-01.12.2012

03.12.2012

  • Тұңғыш Президент күніне орай форум өтті
  • Журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, профессор, көсемсөзші, түркітанушы Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың 75-жылдық мерейтойына арналған М. Барманқұлов оқулары аясында «М. Барманқұлов – бұқаралық коммуникация ғылымының негізін қалаушы» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді
  • ҚазҰУ студенттері Қарасай аудандық Абай атындағы орта мектепке, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқыған мектепке, оқушылармен кездеседі
  • Журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Барманқұловтың оқулары аясында «М.Барманқұлов – Қазақстан телевизиялық журналистикасының теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаушы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • Президент күніне орай пікірлер
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының профессорлары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>