Ян Садлак «ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры» атанды

10.12.2012

Көрулер: 2985

ҚазҰУ-дың ректорат мәжілісінде Академиялық саралау және басымдық бойынша халықаралық обсерватория IREG Президенті Ян Садлакқа «ҚазҰУ-дың құрметті докторы» атағы беріліп, салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

«Нобель сыйлығының иегерлері ие болып табылатын мұндай құрметке бүгін сіздердің орталарыңызда, ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры атану мен үшін үлкен сый, марапат, құрмет. Алғашынқа халықаралық қатынастар факультетіне шетелдік профессор ретінде шақырылған едім», - деп Ян Садлак ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Ян Садлак «Әлемдік деңгейдегі университтеттің жалпы сипаттамасы» тақырыбында баяндама жасап, университет қандай талаптарға сай болу керектігіне толығырақ тоқталып өтті. Заманауи жабдықталған кампус, халықаралық контингент (шетелдік профессорлар, шетелдік студенттердің келуі мен тәжірибе алмасу), жаңа идеяларды және қаржыландыруда басшылықтың қолдауы, әлемдік дңгейдегі оқытушылар, әртүрлі қаржландыру көздері туралы кеңінен айта кетті.

Jan Sadlak_ Speech Al Farabi_10 December 2012.pdf

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі