«Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті
05.03.2014Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастырумен« Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарға белгілі қытайтанушы, т.ғ.д., проф. Хафизова Клара Шайсұлтанқызы қатысып баяндама жасады. Семинарға шығыстану факультеті деканының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к, доцент Алжанбаева Ұ.Т., Қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Батпенова З.С., қытайтану кафедрасының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары Кенжебаева А.Ә., қытайтану кафедрасы меңгерушісінің ОӘТ жөніндегі орынбасары Омарова М.А. және қытайтану кафедрасының оқытушылары, магистранттары қатысты.