Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның британдық кеңесі «Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» атты тақырыпқа семинар өткізді

11.03.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның британдық кеңесі «Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» атты тақырыпқа семинар өткізді. Семинардың мақсаты ауа-райының өзгеруі мен даму, энергия тиімділігі мен жаңартылған энергия көздері салаларындағы нақты жобаларды орындау тәжірибесімен алмасу болды.

Ары қарай оқу >>

«Ел ардақтаған асыл ана» атты тақырыпта халықаралық дәрежедегі дөңгелек үстел өтті

11.03.2014

Шығыстану факультетінде Қытай Халық Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, ағартушы-ақын, Қытай әдебиетінің зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Шәмшабану Қамзақызының қатысуымен «Ел ардақтаған асыл ана» атты тақырыпта халықаралық дәрежедегі дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! ҚазҰУ ректоры Ғалым МҰТАНОВ

08.03.2014

Құрметті ҚазҰУ арулары мен аяулы аналар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көгілдір көктемнің шуақты күндерімен ілесе келетін осынау күн елімізде ананы құрметтеу, ұлықтау мейрамы ретінде игі дәстүрге айналды. Ана – дүниедегі ең қымбат, ең қасиетті ұғым. Батыр да, ақын да, ең кемеңгер дана да анадан туады. Қыздарымызды инабатты әрі кішіпейіл етіп тәрбиелеуде, ұлдарымыздың бойына қайсарлық, өрлік, өжеттілік пен ерлікті сіңіруде ана тәрбиесінің рөлі ерекше. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық білім мен ғылымның киелі ордасы университетіміздің сіңірген еңбегі ерен. Ұлағатты ұстаздарымыз ұл-қыздарымызға жан-жақты сапалы білім беріп қана қоймай, саналы тәрбие беру жолында да аянбай еңбек сіңіріп келеді. Олар жастардың бойындағы патриоттық сезімді, өз ұлтына, салт-дәстүрге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті, намыс, қажырлылық пен қайраттылықты шыңдауда. Бұл ретте университетіміздегі әйелдер қауымының қызметі аса жауапты да қастерлі.

Ары қарай оқу >>

Қайыржан Исламханов қола жүлдегер атанды

07.03.2014

20-22 ақпан 2014ж. Біріккен Араб Әмірлігінде «Фуджейра Оупен» таэквондадан II Халықаралық турнир аяқталды. Ерлер арасында жалғыз марапатты Қазақстанның құрамасының қоржынына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің 3 курс студенті - Қайыржан Исламханов салды. 63 к. салмақпен «Фуджейра Оупен» қола жүлдегері атанды. 27 ақпан – 1 наурыз 2014 ж. аралығында Манамеда таеквондодан "Bahrain Open" VI халықаралық турнир аяқталды. Қайыржан Исламханов қола медальға ие болды.

Ары қарай оқу >>

«Әйел және философия» атты концерт өтеді

07.03.2014

Бүгін (сағ. 15:00-де) Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ-нің 80-жылдық және философия және саясаттану факультетінің 65-жылдық мерейтойы аясында өткізілетін «Әйел және философия» атты халықаралық 8 наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама ұсынады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ аруларына арналған мерекелік кеш өтті

07.03.2014

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нәзік жанды аруларына арналған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өтті. ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған 80-ші көктем мерекесі, арулар мерекесі көтеріңкі көңіл-күймен өтті.

Ары қарай оқу >>

«Баспа ісі мамандарын даярлаудың ғылыми-инновациялық бағыттары мен оларды жұмыспен қамту жолдары» атты тақырыпта алқасөз және жұмыс берушілерге ашық есік күнін өткізді

06.03.2014

2014 жылы 4 наурызда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті бизнес және мансап орталығы журналистика факультетінде баспа ісі және дизайн кафедрасымен бірлесіп «Баспа ісі мамандарын даярлаудың ғылыми-инновациялық бағыттары мен оларды жұмыспен қамту жолдары» атты тақырыпта алқасөз және жұмыс берушілерге ашық есік күнін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Кәрімжан Шәкіров, Ғалия Мовкебаеваға «Үздік оқытушысы 2013» атанды

06.03.2014

Халықаралық қатынастар факультетінің профессорлар мен оқытушылар құрамы және студенттері декан, з.ғ.д., профессор Кәрімжан Шәкіровті және т.ғ.д., халықаралық қатынастар мен әлемдік экономика кафедрасының профессоры Ғалия Мовкебаеваны ЖОО-ның Үздік оқытушысы 2013 атағы берілуімен шын жүректен құттықтайды.

Ары қарай оқу >>

«Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері және олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында шешімін табу жолдары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

06.03.2014

2014 жылдың 4-сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультеті ҚазҰУ 80-жылдық мерейтойы мен ғалым және педагог, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіровтің 60-жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері және олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында шешімін табу жолдары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>