Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың технопаркінде «IT-Resolutions» атты start-up компаниясы өз жұмысын бастады

28.03.2014

Бұл компания ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында келесідей қызметтер ұсынады: компьютерлерге, ноутбуктерге және техникалық it құрылымдағы барлық элементтерге (периферияларға, смартфондарға, планшеттерге, Smart TV және т.с.с.) қызмет көрсету, компьютерлік желілермен туындайтын мәселелерді шешу. Оқытушылардың тапсырыстары бойынша электрондық оқулықтар, видеолекциялар, тамаша презентациялар, компанияларға логотиптер жасауға көмектеседі.

Ары қарай оқу >>

II Бекхожин оқулары аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған республикалык конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді

28.03.2014

25 сәуір 2014 жылы (сағ. 10.00) II Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.


Ары қарай оқу >>

«Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

28.03.2014

2014 жылдың 30 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы университеттің 80 жылдығы шеңберінде «Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Физика-техникалық факультетінде республикалық пәндік олимпиада өтті

27.03.2014

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде 1-3 курс студенттерінің арасында «Физика», «Астрономия» және «Ядролық физика» секциялары бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.

Ары қарай оқу >>

«Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді

26.03.2014

28 наурызда халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасы аясында конференция өтуде

25.03.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «SILKROUTESILKRoad Universities Towards Europe» Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өтіп жатыр.

Ары қарай оқу >>

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! - ҚазҰУ ректоры Ғалым МҰТАНОВ

21.03.2014

Құрметті ҚазҰУ ұжымы, әріптестер мен студенттер!

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Күн мен түн теңеліп, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқан әз-Наурыз – халқымыздың асыға күтетін мейрамы. Бұл – күннің көзі жылынып, бар тіршілік қайта түлейтін, адамзаттың көңілін жадырататын жаймашуақ кезең, жақсылық пен ізгіліктің бастауы. Шығыс халықтарына ортақ мереке болып табылатын Наурызды халқымыз, сондықтан да Ұлыстың ұлы күні, ақ түйенің қарны жарылған күн деп айрықша дәріптейді. Хан мен қараша теңесіп, араздасқан ағайын татуласқан, бірлікті, ынтымақты ту еткен ырысты мереке халқымыздың ұлылығын аңғартып, асқақтатып тұрғаны анық.

Ары қарай оқу >>

Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының “SILKROUTE – SILKRoad Universities Towards Europe” консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі

20.03.2014

25-27 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының SILKROUTESILKRoad Universities Towards Europe консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі.

Ары қарай оқу >>