Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар факультетінде қосымша білім беру мен консалтингтік қызметтер көрсету орталығы ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырады

02.04.2014

2014 жылдың 7-9 сәуірі (сағ. 11.00-13.00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде қосымша білім беру мен консалтингтік қызметтер көрсету орталығы «Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасын қолданудың тәжірибелік мәселелері» атты ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырады.

Ары қарай оқу >>

Республикалық олимпиаданың нәтижесі белгілі болды

01.04.2014

Халықаралық қатынастар факультетінде «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Болашақ идеясы» мен «Қыран», Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразия арыстандары» мен «Евразия», Қостанай мемлекеттік университетінің «Васаби», ҚазХҚӘТУ «Жалын» мен «Тұлпар», ҚазЕӘҚА «КазАТИСО», ХБА «Актор» мен «Eurasian culture integration» командалары қатысты.

Ары қарай оқу >>

2-12 cәуір аралығында ҚазҰУ-да І Халықаралық Фараби оқулары өтеді

01.04.2014

Халықаралық Фараби оқулары университетте алғаш рет еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнының 80-жылдық мерейтойын тойлау аясында өткізіледі. Бұл дәстүр ғылым фестивалі форматында қайта жаңғыртылып, екі апта бойы жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар, сессиялар, дөңгелек үстелдер, авторлық семинарлар, байқаулар өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовпен «Тәуелсіз елдің арланы» атты кездесу кеші өтті

01.04.2014

ҚазҰУ-да журналистика факультетінің үлкен залында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының «Ең үздік студенттік топ» жобасы аясында Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовпен «Тәуелсіз елдің арланы» атты кездесу кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

I Фараби оқулары аясында «Биологиялық алуантүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты конференция өтеді

01.04.2014

2014 жылдың 9-11 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультетінің және биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 80-жылдығына орай I Фараби оқулары аясында 2-ші «Биологиялық алуантүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Білімділер сайысы өтті

31.03.2014

Философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада болып өтті. Халқының алды болатын білімділерді анықтаған сайыста кафедра студенттерімен қоса С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті және Қыздар Педагогикалық Университетінің жас дарындары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде білім мен тәрбиенің үйлесімділігі талқыланады

31.03.2014

7 сәуірде (сағ. 11:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті және «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдығы және Қазақстандағы философиялық білім берудің 65 жылдығына арналған, «Әл-Фараби – білім мен тәрбиенің үйлесімділігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері республикалық конференцияда үздік деп танылды

31.03.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану және жапонтану кафедрасының 1, 2, 3-ші курс студенттері «Студенттік ізденістердің салаларын талдау және оның мәселелері» атты Республикалық жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ сексенінші көктемін қарсы алды

31.03.2014

Биыл ҚазҰУ студенттерімен бірге 80-ші көктемін қарсы алды. Дәстүрлі «Студенттік көктем» байқауы биыл да барынша сән-салтанатымен өтті. Студенттік көктем- бұл студенттердің таңдаулы шығармашылық және бишілік, музыкалық, актерлық, ақындық және тағы басқа өнерлермен дараланатын байқау. Байқау үлкен бір мерекенің нышанындай. Жыл сайын ҚазҰУ студенттерінің осы мерекені ерекше қарсы алуын да баса айтқымыз келеді. Биылғы «Студенттік көктем-2014» байқауының өзіндік ерекшелігі ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай байқаудың шарттарына өзгерістер еніп, әр факультет ҚазҰУ-дың әр жылдардағы тарихын сахналап шықты.

Ары қарай оқу >>