Білім беру бағдарламалары

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы келесі білім беру бағдарламаларында (БББ) оқытуға қатысады:


Бакалавриат деңгейіндегі БББ

Шифр    

 Мамандық  БББ түрі    Қабылдау үшін шекті балл      Түлектердің шамамен айлық жалақысы (08.02.2023 сәйкес Headhunter деректері бойынша https://hh.kz/)
6B05301    Химия

 Қолданыстағы БББ

6В05301 - Химия2022.pdf

 80 150 000 - 200 000 тг 
6B07102  Химиялық инженерия  Қолданыстағы БББ  70 150 000 - 200 000 тг 
6B07104    Органикалық заттардың химиялық технологиясы (ОЗХТ)     Қолданыстағы БББ  70 150 000 - 200 000 тг 

Магистратура деңгейіндегі БББ

7M05301  Химия  Қолданыстағы БББ 75 200 000 - 250 000 тг
7M07103  Химиялық инженерия  Қолданыстағы БББ 75 250 000 - 300 000 тг
7M07101  Мұнайхимия                 Қолданыстағы БББ 75 300 000 - 400 000 тг
7M07201  Мұнай-газ ісі  Қолданыстағы БББ 75 300 000 - 400 000 тг
7M07202    Мұнай-газ ісі  Қолданыстағы БББ, Қос дипломдық, Лотарингия Университеті 75 300 000 - 400 000 тг

Докторантура деңгейіндегі БББ

8D05301  Химия  Қолданыстағы БББ 75 250 000 - 300 000 тг
8D07102
 Химиялық инженерия  Қолданыстағы БББ 75  300 000 - 350 000 тг
8D07101  Мұнайхимия  Қолданыстағы БББ 75  350 000 - 400 000 тг

  Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы келесі БББ қадағалайды: 

Магистратура деңгейіндегі БББ

7M07101  Мұнайхимия                 Қолданыстағы БББ
7M07201  Мұнай-газ ісі  Қолданыстағы БББ
7M07202    Мұнай-газ ісі  Қолданыстағы БББ, Қос дипломдық, Лотарингия Университеті

Докторантура деңгейіндегі БББ

8D07101  Мұнайхимия  Қолданыстағы БББ


Түлектердің жұмысқа орналасуы

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша білім алған түлектердің 80%-ы оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алды. "Теңізшевройл" ЖШС, "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ, "Қарашығанак Петролеум Оперейтинг Б.В." және "Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк." ЖШС сияқты жетекші компаниялар түлектерімізге жұмыс орындарын ұсынуға мүдделі.
Негізгі кәсіптер тізімі

  • Инженер-технолог
  • Бұрғылау ерітіндісі инженері
  • Технологиялық қондырғылардың операторы
  • Аналитикалық жабдық операторы
  • Газ тарату станциясының операторы
  • Орта және жоғары білім беру оқытушысы
  • Өнім сапасын техникалық бақылау жөніндегі маман
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жөніндегі маман
  • Химиялық және мұнайхимия жабдықтарын сату жөніндегі менеджер

 

Кафедраның "Мұнайхимия" мамандығының түлектері Ауғанбек Бауыржан және Алматқызы Перизат ірі мұнай компанияларының бірі – "LUKOIL" компаниясының еншілес компаниясында "Lukoil Lubricants Central Asia" ЖШС-де жұмыс істейді. 

Кафедраның "Мұнайхимия" мамандығының түлегі Қайрошев Данабек қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуын сәтті аяқтап, біздің университеттің дипломына және Лотарингия университетінің дипломына ие болды. Қазіргі таңда «ҚазақстанПетрокемикал Индастриз Инк.» ЖШС-де технологиялық қондырғылардың операторы болып қызмет атқарады.  

Кафедраның "Мұнай-газ ісі" мамандығының түлегі Байжунисов Кенжебек қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуын аяқтағаннан кейін қос дипломның иегері атанды (ҚазҰУ және Лотарингия Университеті), бұл оған қазіргі уақытта "Qazaqgaz ҰК" АҚ еншілес компаниясы "Intergas Central Asia" АҚ газ тарату станциясының операторы болып жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. 

"Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша кафедра түлегі Махамбетов Ахат қос дипломдық бағдарламаны бітіріп, қазіргі таңда «КМГ Инжиниринг» ЖШС гидродинамикалық модельдеу қызметінің инженері болып жұмыс істейді.

  Кафедраның "Мұнайхимия" мамандығының түлегі Саметов Нұржан Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын – «Теңізшевройл» ЖШС-де технологиялық қондырғылардың операторы болып жұмыс істейді. 

Рүстем Алия "Мұнайхимия" мамандығында оқуын аяқтап, қазіргі уақытта "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС тау-кен металлургия компаниясында сапа инженері болып жұмыс істейді. 

Кафедра түлегі Досатов Тілеген қазіргі таңда «Epsilon group» ЖШС-де химиялық реагенттердің кең ассортиментін шығаратын цехта химик-технолог болып жұмыс істейді. 

Кафедра түлегі Темірова Айман оқуын аяқтағаннан кейін "QazaqGaz" АҚ филиалы – "QazaqGaz" АҚ Даму және зерттеу орталығының экологиялық жобалау және реттеу" бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.

 

Ауғанбек Бауржан мен Алматқызы Перизат "LUKOIL Lubricants Central Asia" ЖШС жұмыс орнында

Қайрошев Данабек "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС - де жұмыс орнында


 Байжунисов Кенжебек "Intergas Central Asia" АҚ жұмыс орнында

Махамбетов Ахат "КМГ Инжиниринг" ЖШС жұмыс орнында
Саметов Нуржан "Тенгизшевройл" ЖШС жұмыс орнында
 
Рустем Алия "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС жұмыс орнында

Досатов Тилеген "Epsilon group" ЖШС жұмыс орнында Темірова Айман "QazaqGaz" АҚ Даму және зерттеу орталығында" жұмыс орнында

 

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлектер келесі өндірістер мен компанияларға жұмысқа қабылданды: 
Аты Қала
"Теңізшевройл" ЖШС  Атырау
"Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк." ЖШС   Атырау
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС  Атырау
"Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС  Павлодар
"Шымкент мұнай өңдеу зауыты" ЖШС  Шымкент
"Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК)" Атырау
"Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Астана
"LUKOIL Lubricants Central Asia" ЖШС Алматы
"Sary-Arka Copper Processing" ЖШС Қарағанды
"ЦеЛСИМ" ЖШС Алматы
"Ойлсерт Интернешнл" ЖШС Алматы
"Спира-Берга" ЖШС Алматы
"Қарашығанак Петролеум Оперейтинг Б.В." Аксай
"Жасыл химиялық технологиялық институты" ЖШС Алматы
"Epsilon group" ЖШС Ақтөбе
"Кока-кола" ЖШС  Алматы
"Либелла ботлерс Алматы" ЖШС  Алматы
"QazaqGaz" АҚ  Астана
"Каспиан ойл" АҚ  Атырау
"Конденсат" АҚ  Орал
"Біріккен химиялық компания" ЖШС  Астана
"АлматыСу" Алматы
"Райымбек ботлерс" ЖШС  Алматы
"КазЭкоАнализЖШС  Алматы
"Кемикал Восток" ЖШС 
Алматы
"Орал Мунай" ЖШС 
Орал
"Нобел АФФ" АҚ 
Алматы