Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетіҚазақстандағы көп жылдар бойы қызмет жасап келе жатқан оқу мекемесі.Бұл жерде дүние жүзіне аты шыққан және елге белгілі ғалымдар мен журналисттер еңбек атқарады. Оқу процесіне 15 елден келген студенттер және 50 жолбасшы әлемдік журналистика мекnептерінің профессорлары қатысады. Журналистика факультетінің студенттері осы заманға сай жабдықтармен жұмыс істейді.
Миссия
Журналистика факультеті өзінің бірінші кезекті мақсаты ретінде жоғары дәрежелі журналисттерді, жергілікті, республикалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуге қабылетті мамандарды дайындау деп санайды. Журналистика факультеті көп жылдық әдеп-ғұрпын жалғастыруда, студенттерге барлық кәсіптік табысқа жетуге қажетті білім және икемді игеруге тырысуда.
Бағдарлама
Журналистика факультеті өз студенттеріне үш мамандық бойынша білім беруде – бакалавриат, магистратура және докторантура. Оқу жоспары жолбасшы сарапшылар, профессорлар және журналисттердің көмегімен құрастырылады. Теориялық білім барлық жаңа цифрлық құрал-сайманмен жабдықталған телерадиокомплекстағы телевизиялық және радиолық шығарымдар арқылы тәжірибелік жұмыспен бекітіледі.
Біздің студенттер
Біздің дарынды студенттер Қазақстанның әр түпкірінен және шетелдерден жиналған. Көбі кәсіби журналисттер, авторлар болып келеді. Біздің түлектеріміз Қазақстанның көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында басшы қызметін атқаруда. Сондықтан біздің факультеттің бітірушілері компаниялардың келешек жолбасшысы ретінде журналистика саласында өз орнын таба алады.
Профессорлар және оқытушылар құрамы
Біздің профессорлар және оқытушылар құрамын ғұламалар құрайды, білімдерімен дағдыларын 20 дан астам елден алып келген, және де әртүрлі марапаттармен лайықталған журналисттер, авторлар, редакторлар, және операторлар.
Біздің бітірушілер
Факультет бітірушілері баспасөз мекемелерінде, телевизия, радио, шетелдік корреспонденттік пункттерде жұмыс атқарады, көптеген республикалық газет, журнал редакцияларында басшылық етеді.