7М05206 Гидрология

Білім беру бағдарламасы

7М05206 Гидрология

Білім саласы

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М052 Қоршаған орта

Білім беру бағдарламаларының тобы

М085 Гидрология

БББ мақсаты

Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру салалары үшін гидрологтарды сапалы даярлау, гидрология және су ресурстары саласындағы инновациялық идеяларды өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті болу. Бағдарлама кәсіби тұлғаның мамандарын келесі қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған:

- гидрология және су ресурстары саласындағы инновациялар идеясын ұсынуға ғылыми зерттеулер жүргізеді;

- гидрологиялық аспектілер саласындағы соңғы теориялардың қазіргі терең білімін түсіндіру және қорытындылау;

- гидрометеорологиялық зерттеулерге байланысты ғылыми бағыттардан алынған білімді интеграциялау;

- ғылыми зерттеулерді бағалауда, талдауда, есептеулерде, болжау арқылы алынған нәтижелерді түсіндіру және оларды мамандарға, және маман еместерге жеткізу;

- оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің өздік бағдарламасын әзірлеу.

Оқыту тілі

Қазақша, орысша, ағылшынша

Кредиттердің көлемі

120 кредиттер

Берілетін академиялық дәреже

Жаратылыс ғылымдарының магистрі / 7М052– Гидрология білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыс ғылымдарының магистрі

Оқытудың нәтижесі

Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистрант қабілетті болады деп күтілуде:

ON1. Су ресурстарын бағалау және басқару аясында оқу-зерттеу жобаларын жетілдіру, ғылыми мәтіндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде құрастыру, ғылыми ақпараттарды гидрологиялық мәліметтер жеткіліксіз және жоқ болған жағдайда талдау және жинақтау;

ON2. Ел тұрғындарын, шаруашылық салаларын сумен қамтамасыз етудің көзі ретінде, биоресурстарды алу және су алаптары үшін қауіпсіздік экологиялық қамтамасыз ету шарттарына сәйкес су ресурстарының жай күйін, табиғи және жасанды су қоймалардағы судың режимі мен сапасын бағалау;

ON3. Оқытушылық қызметті Жер туралы ғылымдар мен гидрология аясындағы пәндер бойынша өткізу, аудиториялық сабақтардың, далалық тәжірибелер кезеңіндегі зертханалық жұмыстардың өту түрі мен формасын заманауи информациялық технологияларды пайдалана отырып анықтау;

ON4. Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйесін сумен қамтамасыз ету сценарийлерін оңтайландыру және бағалау, болжау әдістерін қазіргі және алдағы болашаққа қолдану;

ON5. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында гидрометеорологиялық болжамдарды табиғи және өңделген мәліметтер қоры негізінде құрастыру;

ON6. Тау беткейлерінің, биік таулы аймақтардың, мореналық және мұздық көлдердің қауіптілігін азайту бойынша алдын алу шараларын әзірлеу және жүзеге асыру; сел, сырғыма және қар көшкініне ұшыраған аумақтардың ықтимал қауіптілігін бағалауды ескере отырып, қар көшкінін мәжбүрлеп түсіру жұмыстарын орындау;

ON7. Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану мақсатында, мемлекеттік және халықаралық нормативті құжаттарға сәйкес су ресурстарын басқару жүйесінің барлық деңгейінде шешімдерді қабылдау;

ON8. Гидрологиялық ақпараттарды статистикалық өңдеуге арналған заманауи бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, гидрологиялық процестерді модельдеуге тиісті математикалық және сандық әдістерді қолдану;

ON9. Су нысандарындағы табиғи процестерді және олардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін талдауда негізгі физикалық заңдылықтар мен математикалық әдістерді негіздеу;

ON10. Табиғи суды басқару саласында конструктивті гидрологияның теориялары мен әдістерін халықтың, экологияның, өндірістің және ғылыми зерттеу жұмыстарының мүдделеріне пайдалану;

ON11. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау саласындағы басқарушылық дағдыларды қолдану, жобаларға ұсыныстар беру, қызмет көрсетілетін аймақтардағы тұрғындарды, нысандар мен аумақтарды қорғау, қажетті сараптамалық қорытындылар дайындау;

ON12. Оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде белгілі бір бағыт бойынша ғылыми қызметті жүзеге асырған кезде ұжымда өзіндік ерекшелік пен шығармашылықты көрсету.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1653

 Академиялық қызмет

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

- гидрологи ғылымдары саласындағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) келісу;

-оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді Құжаттамалық ресімдеумен;

-оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен

 Ғылыми қызмет

БББ 7М05206 Гидрология бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары

- гидрологиялық және су шаруашылық есептері, таулы су жинау алабтарының су балансының элементтерін есептеу;

- Қазақстандағы су қоймаларының гидроэкологиялық және гидрохимиялық режимін зерттеу;

- Қазақстандағы өзен ағынына антропогендік әсерді бағалау;

- су ресурстарын кешенді басқару;

- су тасқыны, сел, қауіпті гидрологиялық құбылыстар.

Кафедрада білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған зертханалар бар:

- «Су ресурстары» зертханасы

- «Гидравликалық қондырғылар» зертханасы

- «Гидрометрия» зертханасы

 Халықаралық қызмет

БББ 7M05206 Гидрологияға сәйкес магистранттар келесі университеттерде шетелдік тағылымдамадан өтеді: Политехникалық университет, Валенсия, Испания; Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (РММУ), Санкт-Петербург (РФ).

 

https://www.kaznu.kz/kz/15749/page/

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

- «Қазгидромет» РМК

- ҚР БҒМ «География институты».

- «Қазақстан Республикасының Казселезащита ТЖМ» ММ

- «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі»

- «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы»

- «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»

- «Казгипроводхоз» институты

 

KazSEE 2020-2025 гидрология магистратурасын аккредиттеу

https://www.kaznu.kz/kz/22946/page/