7M07305 - Кадастр

Білім беру бағдарламасы

7M07305 - Кадастр

Білім саласы

7M07 - Инжерелік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыты

7M073 - Сәулет және құрылыс

Білім беру бағдарламаларының тобы

M128 - Жерге орналастыру

БББ мақсаты

Магистранттарды ғылыми зерттеулер жүргізуге, жер-мүліктік қатынастарды реттеуді зерделеу теориялары мен әдістерін әзірлеуге, бейнеақпараттарды, аэро - және ғарыштық суреттерді дешифрлаудың, аумақты қашықтықтан зондтаудың қазіргі заманғы технологияларын білуді қолдана отырып, жер мен жылжымайтын мүліктің пайдаланылуын мемлекеттік бақылауға, жерді және өзге де жылжымайтын мүлікті пайдаланудың отандық және шетелдік тәжірибесін, ғылыми-техникалық ақпаратты зерделеуге дайындау; алынған білім мен нәтижелерді Жер ресурстарын және жылжымайтын мүлікті басқаруға, Жер ресурстарын ұтымды пайдалануға, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға және ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыруға, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығына байланысты әртүрлі жер-кадастрлық жұмыстарда іс жүзінде қолдануға бағытталған.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқытудың нәтижесі

Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар:
РО - жер-мүліктік қатынастарды реттеу, мүліктік және жер дауларын шешу, құқықтық мәселелер бөлігінде елдің заңдарын қолдана отырып, жер және жылжымайтын мүлікті пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізу;
РO2 - жер кадастры принциптері негізінде жер ресурстарын, жылжымайтын мүлікті, кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын басқару;
РО3 - бейнеақпаратты дешифрлеудің қазіргі заманғы технологиялары, аэро және ғарыштық суреттер, аумақты қашықтықтан зондтау, жерге орналастыру және мемлекеттік кадастр үшін карталардың, жоспарлардың түпнұсқаларын, басқа да графикалық материалдарды жасау, жер және жылжымайтын мүлік мониторингінің қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын білу;
РО4 - тиімді кәсіби қызметті қамтамасыз ететін деңгейде шет тілдерінің бірін меңгеру; табиғатты, қоғам мен ойлауды дамыту заңдарын білу және түсіну, кадастрды жүргізу мен жерді бағалау кезінде осы білімдерді қолдана білу;
РО5 - кадастрдағы басқару міндеттерін шешу үшін мотивацияның, көшбасшылықтың және биліктің негізгі теорияларын қолдану, ұйымдардың экономикалық негіздерін білуін қолдану, нарықтардың әртүрлі құрылымдары туралы түсінікке ие болу және жер пайдаланудағы бәсекелестік ортаға талдау жүргізу;
РО6 - кадастрды жүргізу кезінде жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, өңдеу және есепке алудың қазіргі заманғы автоматтандырылған технологияларын білу;
РО7 - жерді және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау кезінде кадастрлық және экономикалық бағалау қағидаттары мен әдістемесін білу;
РО8 - ғылыми-техникалық ақпаратты, жерді және өзге де жылжымайтын мүлікті пайдаланудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу;
РО9 - зерттеулер мен жаңа әзірлемелердің нәтижелерін енгізуге бастамашылық жасау, тиімді стратегияны әзірлеу және жер-мүліктік қатынастар саласында белсенді саясатты қалыптастыру;
РО10 - мемлекеттік жер кадастрымен, аумақтық жоспарлаумен, жерге орналастырумен, жерді межелеумен байланысты жобалық, кадастрлық және басқа да жұмыстарды автоматтандырудың заманауи технологияларын білу;
РО11 - жер кадастрын жүргізу, жерге орналастыру және қала құрылысы жобалары мен схемаларын жасау, аумақтық жоспарлау процесінде қолданыстағы бағдарламалық-технологиялық кешендерді басқару;
РО12 - жүйелі тәсіл негізінде халық шаруашылығы кешенінің жер-мүліктік саласында жобалау қызметіне қатысу, жерді және өзге де жылжымайтын мүлікті пайдалануды сипаттау және болжау үшін модель құру, олардың сапалық және сандық талдауын жүзеге асыруға қабілетті болады.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1655#info