7M05204 - Қоршаған ортаны геокеңістік басқару

Название ОП

7M05204 - Қоршаған ортаны геокеңістік басқару

Область образования

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика жәнестатистика

Направление подготовки

7M052 Қоршаған орта

Группа образовательных программ

M084 География

Цель

Ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру, мемлекеттікұйымдарда, сондай-ақ кеңістіктік деректер базасынәзірлеуге және басқаруға, ГАЖ және геоақпараттықтехнологияларды ЖОО-дағы оқу үдерісінеинтеграциялауға қабілетті және жоғары оқуорындарында жұмыс істеуге және қоршаған ортаныбасқару саласындағы, сондай-ақ табиғатты пайдаланумен қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелеріншешу үшін далалық және зертханалық зерттеулердіңмәліметтерін талдау, өңдеу және визуализацияғамаманданған магистрлерді даярлау.

Язык обучения

қазақ, орыс, ағылшын

Объем кредитов

120

Присуждаемая академическая степень

«7М05204-Қоршаған ортаны геокеңістіктік басқару»білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстануғылымдарының магистрі

Результаты обучения

ON1. ГАЖ қосымшаларын қолдана отырып, әр түрлі дәрежедегі және күрделіліктегі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық геожүйелерді басқарудың іргелі және қолданбалы мәселелерін жіктеу;
ON2. Экономиканың әртүрлі салаларында маңызды практикалық маңызы бар жаңа бағыттарды құру үшін ГАЖ жобаларын әзірлеу және іске асыру критерийлерін анықтау;
ON3. Табиғатты, халықты және олардың өзара байланысын кешенді зерттеу үшін геоақпараттық және картографиялық әдістерді қолдана отырып, бастапқы ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыру;
ON4. Бағдарламалау тілдері мен технологияларын қолдана отырып, бастапқы және қосымша геокеңістіктік мәліметтер негізінде ДҚБЖ құруды әзірлеу және жобалау;
ON5. Ғылыми зерттеулерді орындау кезінде қойылған міндеттерге сәйкес географиялық және геоақпараттық зерттеулерді жоспарлау мен жүзеге асырудың заманауи және дәстүрлі әдістерін қолдану;
ON6. Табиғатты пайдаланудың негізгі мәселелерін анықтау үшін кеңістіктік талдау әдістерін қолдану, сонымен қатар геоақпаратты және аэроғарыштық материалдарды ГАЖ көмегімен талдау негізінде қоршаған ортаны бақылау;
ON7. Географиялық талдау әдістерін қолдана отырып, жобалық-іздестіру, өндірістік мәселелерді шешу үшін картографиялық, геоақпараттық және аэроғарыштық деректердің үлкен көлемін талдау;
ON8. ЖОО мен колледждерде оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

Для абитуриентов

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1638