Халықаралық құқық бойынша Республикалық Пәндік Олимпиада 2024

27.04.2024

Көрулер: 124

 

2024 жылдың 27 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде XVI халықаралық құқық бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Халықаралық құқық – білім беру бағдарламасы (мамандығы) бойынша студенттер қатысты.

 

Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

- студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;

- студенттердің кәсіби және тұлғалық мүмкіндіктерін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі таныту және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау;

- студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;

- ең қабілетті және дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау.

Салтанатты шараны халықаралық қатынастар факультетінің деканы Л.Ф. Деловарова ашып, олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілеп, еліміздің білім мен ғылым саласындағы жетістіктеріне жастардың үлес қосуының маңыздылығын атап өтті.

Конкурс комиссиясының құрамына халықаралық құқық саласындағы беделді ғалымдар мен практиктер, оның ішінде сырттан шақырылған PhD доктор, Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің консультанты (ҚР Президент Әкімшілігі) Ахметов Е.Б.,  халықаралық құқық магистрі, KPMG аға заңгері Қ.С. Талғатова,

Республикалық пәндік олимпиада туралы ережеге сәйкес сайыс 3 турдан тұрды. Бірінші тур  «Халықаралық жария құқық» пәні бойынша сұрақтардан тұратын қазақ тілінде 20 тест сұрағы түрінде өтті. Екінші тур  «Халықаралық жеке құқық» пәні бойынша орыс тілінде 20 тест сұрағы түрінде өтті. Үшінші тур «Халықаралық жария құқық» пәні бойынша сұрақтарға ағылшын тілінде ауызша жауап беру түрінде жүргізілді.

Жалпы, «Халықаралық құқық олимпиадасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында Қазақстанның 8 жоғары оқу орнынан 17 ең мықты және ең жарқын студенттерді біріктірді, олардың қатарында: “Тұран-Астана” университетінен 3 студент, Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ 3 студенті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің 2 студенті, ЕҰУ 3 студент, Қонаев университетінен 2 студент, "Тұран" университетінен 1 студент, Narxoz University 1 студент, КИМЭП университетінің 1 студенті.

Қатысушылар өздерінің кәсіби және жеке әлеуетін көрсетті, шығармашылық қабілеттерін, креативтілігі мен өзіндік ерекшелігін көрсетті, сонымен қатар талдау, логикалық ойлау, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру қабілеттерін көрсетті.

«Халықаралық құқық» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Тұран-Астана» университетінің студенті Эльмира Қабілжапарова бірінші дәрежелі дипломның иесі атанды. II дәрежелі дипломмен Тұран университетінің студенті Тұрсынбай Бекзат Серікұлы марапатталды. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Әділ Ғарипуллаев үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.