«Заңгер - кеңесші» кім және оның тәжірибелік маңызы» тақырыбындағы ашық дәріс

19.02.2024

Көрулер: 141

19 ақпан 2024 жылы ал-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде «Заңгер - кеңесші» кім және оның тәжірибелік маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті арнайы шақыртылған қонақ, SIGNIM LAW фирмасының кіші заңгері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халықаралық құқық мамандыңының түлегі – Тулеу Серғазы оқыды.

Тулеу Серғазы дәріс барысында өзінің студенттік кезеңіндегі естеліктері, SIGNIM LAW фирмасына жұмысқа орналасу сәті, алғашқы жүргізген жобалары мен оларды шешу жолдары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ дәріскер университет қабырғасын тәмамдағаннан кейін қандай кәсіби бағытқа бет бұру қажеттілігіне тоқталып, «мемлекеттік қызмет», «In-house» және «Consulting» туралы түсінік беріп, әр саланың өзінің артықшылықтары мен қиындықтары туралы тоқталып өтті.

Студенттерге Тулеу Серғазы оқу үдерісі барысында Азаматтық құқық, Азаматтық процессуалдық құқық және Халықаралық азаматтық процессуалдық құқық секілді пәндерді мұқият оқу қажеттігін, олардың тәжірибелік маңызы мен өз қызметі барысында күнделікті қолданатынын атап кетті.

Тулеу Серғазы халықаралық-құқық мамандығын тәмамдаған сәтте жұмыс орнын іздеу барысында қай сайттардан іздеу қажеттігі, қандай заң компанияларына сұраныс жіберу мен түйіндемелерін жазу ерекшеліктері туралы кеңес берді. Сондақ-ақ дәріскер жұмысқа қабылдау барысында үміткердің назар аударуы қажет кәсіби дағдылары туралы ақпарат беріп өтті.

Дәріске қатысқан халықаралық құқық мамандығының 2-3 курс студенттері дәріскерге өздерінің сауалдарын қойып, SIGNIM LAW фирмасында тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы мәліметтер алды.

Әл-Фараби атындағы Халықаралық құқық кафедрасының басшылығы дәріс соңында Тулеу Серғазыға үлкен алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.