« ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУДАРМАТАНУ МЕН КОМПАРАТИВИСТИКАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ»

26.11.2021

Көрулер: 1901

2021 жылдың   26 қарашасында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы « ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУДАРМАТАНУ МЕН КОМПАРАТИВИСТИКАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ» атты Халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференция өткізді.

Конференция жұмысына алыс және жақын шетелдерден келген және еліміздің жоғары оқу орындарының білікті де білгір мамандары баяндама жасады. Конференция онлайн форматта өткізілді.

Халықаралық конференцияда аударматану, филология, лингвистика салаларына арналған түрлі ғылыми мақалалар талқыланды. Ғалымдар аударматану ғылымын дамытудың жолдары мен бағыттарын анықтауға тырысты, өз ойларын айтты. Әр мақаланың өзектілігі мен маңыздылығы айқындалып, қызу пікірталастар орын алды.

«Аударма үстінде шабыттанбаған, бейнетіне рахаттанбаған, жүректің қанымен жазбаған адам ана тілде ұзақ жасайтын дүние тудыра алмайды»,- деп Т.Әлімқұлов айтқандай аударма қызықты да күрделі ғылым саласы. Сондықтан да аудармашы болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін әрі жауапты да маңыздылығын ешқашан жоймайтын қиын іс екендігін осы конференция жұмысының өзекті мәселесі болғандығының өзі қазіргі таңда аудармашы мамандығына деген қызығушылықтың күн санап артып келетіндігін байқатады. Бұл қуантарлық жайт.

Конференция соңында мақалалар жинағы мен қатысушыларға сертификаттар таратылды.

Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Г.Қ. Қазыбек, А.Ж.Жапарова, Г. Дайрабекова.