Біздің заманымыздың батырлары

 

 

2021 жылдың 15 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма  ісі кафедрасында ұлттық патриотизмді қалыптастыру, рухани және адамгершілік құндылықтарды, заманауи тарихты құрметтеу рухында оны уақыт шындығы тұрғысынан  көрсету мақсатында атаулы күнге арналған бейнеконференция өтті.

 

Электронды платформада «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының бірінші курс студенттері арасында «Біздің заманымыздың батырлары» тақырыбында қызықты пікірталас өтті. Баяндамашылар Ауғанстан соғысы туралы ақпараттық презентациялар дайындап, бейнеконференция тақырыбын нақты деректермен, көрсетіліммен ашып көрсетті.
 

 

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің көмегімен елдің үкіметтік күштері мен моджахедтердің әскери құрамалары арасындағы Ауғанстандағы әскери қақтығыс 1979 жылдан 1989 жылға дейін созылды. Кеңес әскерлері ДРА-да  сол кездегі ортақ еліміздің шекарасына халықаралық терроризмнің ену қаупіне жол бермеу үшін қарсы тұрды.
 

 

Сөз сөйлеушілер түрлі дереккөздерден ақпараттық материал жинап қана қоймай, оны еліміздің әр аймақтарынан келген жауынгер-интернационалистердің естеліктерімен «жандандыра» отырып, өзіндік «интерактивті» алаң ұйымдастыра білді. Студенттер "ауған жауынгерлеріне" құрмет көрсетіп, өздерінің жерлес ардагерлерімен сұхбат жүргізді. Әр түрлі буын өкілдері – Ауған соғысының батырлары мен олардың жауынгерлік ерліктерін сақтаушылар арасында бірегей диалог өтті!

Басылым күні :  02.03.2021