Кедендік органдар үшін кадрлар
25.05.2021
Бүгінгі танда коптеген ата-аналардың алдында алуан түрлі мәселелер туындайды: бұл, баланың қайда білім алғаны дұрыс? Қандай мамандық таңдағаны дұрыс және ол мамандық оның болашағын қамтамасыз етедіма? Қандай университетті таңдағаны дұрыс және ол болашақта мойындаладыма? деген сұрақтар төңірегінде болады.
Бүгінгі таңдау мотивациясы жалғыз ғана – ол, тұрақтылық.
Кеден органдарындағы қызмет ету қай кезде де престижді болатын және солай болып қалуда. Кеден қызметінің болашағы Қазақстанның халықаралық экономикалық одаққа мұшелігіне орай көркендей түсуде. Қазақстанның Қытай және Ресей сияқты алыптармен көршілес болуы елеулі түрде тауар айналымын дамытуға және әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Елдің геосаясаттық жағдайы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Европаны біріктірген жаңғыртылған «Жібек жолына» кіруді ертеден-ақ болжаған еді. Жібек жолы арқылы тауар айналымы әрдайым кеңіп және дамып отырады, ал бұл өз кезегінде елдің экономикалық дамуына және халықаралық саясаттағы рөліне байыпты әсерін тигізеді.