Бакалавриат

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Тіркеу номері

 

Білім беру саласының коды және жіктеушісі  

6В042 Бизнес, басқару және құқық

Дайындау бағытының коды және жіктеушісі

6В042-ҚҰҚЫҚ

Білім беру бағдарламасының атауы

«6В042__ - Кеден ісі» «6В042__ – Таможенное дело» «6В042__ - Customs affairs»

Кадрларды даярлау бағытының лицензиясына қосымша

 

1.1 ББ мақсаты және миссиясы

ББ мақсаты жалпымәдени және кәсіптік құзыреттіліктерге және кеден ісі саласындағы іргелі базалық білімге ие, кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуді басқара алатын, кеден саласында құқық тәртібін қамтамасыз ете алатын, кеден органдары лауазымды тұлғаларының, мамандарының және кәсіптік саласындағы сарапшы функцияларын атқара алатын біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады.

ББ миссиясы қазіргі заманғы жоғарғы кәсіптік стандарттарға жауап бертін, кеден ісі саласындағы іргелі білімге ие бакалаврларды даярлау.

1.2 ББ негізгі көрсеткіштері

 

ББ типі: бакалавриат

ББ мерзмі: 4 жыл

Оқу нысаны: күндізгі

Еңбек сыйымдылығы: 240 академиялық кредит

Берілетін біліктілік: «6B042__ – Кеден ісі» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

ББ түрі: қалпына келтірілген ББ

1.3 Білім беру қызметтері нарығындағы жағдайға қарай ББ-ның артықшылықтары мен ерекшеліктерінің сипаттамасы

   «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы Дүниежүзілік кеден ұйымымен аккредиттелген (2019 жылдың сәуірі) және Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Европалық Одақ стандарттарына сәйкес келеді.

   ББ бітірушілердің еңбек нарығындағы сұранысына, олимпиадалардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны, ҰБТ нәтижелері бойынша «Кеден ісі» бағдарламасы арасында Қазақстанның ең үздік білім беру бағдарламалары қатарына кіреді. НААР және НКАОКА рейтингтерінің нәтижесі бойынша «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы 2017, 2018, 2019 жылдары Қазақстанда 1- орындарды алды.

   Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте төмендегідей лабораториялар мен оқу орталықтары бар:

1. Қылмыстылықпен күрес проблемасы орталығы

2. «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми-зерттеу орталығы

3. Экологиялық қауіпсіздік және табиғат қолдану құқығы Орталығы

4 «Нұрлы жол – Шелковый путь» Ғылыми-консалтингтік құқықтық орталығы

     Тәжірибеден өту базалары:

- ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері;

- ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық моноиторинг Комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті;

- ұлттық қауіпсіздік органдары;

- кедендік және салық органдары;

- халықаралық ұйымдар;

- мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар.

   Кадрлық әлеует. Төрт кафедрада 128 профессор-оқытушы жұмыс істейді. ПОҚ белгілі ғалымдардан тұрады, оардың ішінде: 21 «ЖОО үздік оқытушысы» иегері, 10 дарынды жас мемлекеттік шәкіртақысының иегерлері, 8 мемлекеттік марапат иелері. Оқыту сонымен бірге шетелдік профессорлармен, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен де жүргізіледі.

   Оқыту үдерісі жаңа заманғы білім беру технологияларын қолдана отырып үш тілде жүргізіледі. Студенттер ең беделді халықаралық конкурстар мен олипиадаларға қатысып жетістіктерге жетуде.   Оқыту кезінде қазіргі заманғыбілім беру әдістері, оның ішінде сот процестері, іскерлік ойындар, тренингтер мен жеке және командалық жұмыстар қолданыла отырып өткізіледі. Оқыту нысанына қарамастан студенттер әртүрлі шәкіртақылар алу мүмкіндіктеріне ие. Студенттер ғылыми мектептер аясында (мемлекеттік кірістер қызметі мәселелері, кедендік және көліктік логистика мәселелері, кедендік-тарифтік реттеу мәселелері және т.б.) ғылыми қызметтермен, ҒЗЖ тақырыптарымен, ҚР БжҒМ ғылыми гранттары негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу мүмкіндігіне ие және ғылыми конференцияларға баяндамалармен қатысып, еңбектерін жариялай алады

     Академиялық ұтқырлылық. «Кеден ісі» мамандығының студенттері академиялық ұтқырлылық бойынша әлемнің жетекші ЖОО бара алады, олардың ішінде: Рига техникалық университеті (ЛатвияРеспублика), Жоғары экономика мектебі (Ресей Федерациясы), Алтай экономика және құқық академиясы (Ресей Федерациясы), А.С. Грибоедов атындағы халықаралық құқық және экономика Институты (Ресей Федерациясы);. Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғыз Республикасы); Орталық Европа университеті (Венгрия); РФ мемлекеттік басқару академиясы (Ресей Федерациясы); Шығыс құқық институты (Германия); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы), Т. Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университеті, Берлиннің еркін университеті (Германия); Шыңжаң педагогика университеіт (ҚХР) және т.б.

     «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы Дүниежүзілік кеден ұйымымен аккредиттелген (2019 жылдың сәуірі). Англияның, АҚШ-тың және Азияның ЖОО-ның осы секілді бағдарламаларына бағдарланған.