15. Құрлықтың экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері бұру және биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату

Қазіргі уақытта кафедрада пәндер оқытылады

Экологиялық құқық 

Пәннің мақсаты: Экологиялық құқықтың негізгі ережелері мен түсініктерін, экологиялық құқықтық қатынастардың мәні мен мазмұнын, табиғи ресурстарға меншік құқықғы мен табиғат пайдалану құқығының негізгі ережелерін, экологиялық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық мәртебесін зерттеу болып табылады.

Пәнді оқудың нәтижесінде студенттер келесі қабілеттіктерге ие болады:

-          экологиялық құқықтың түсінігі мен заңи санаттарын дұрыс қолдану;

-          алынған білімді тәжірибелік жағдайларды талдау кезінде қолдану;

-          экологиялық заңнама нормаларын талдау, талқылау және дұрыс қолдана алу;

-          заңи құжаттарды дұрыс құрастыру және рәсімдей алу;

экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шараларын анықтау.

Жер құқығы

Пәнің мақсаты: Бакалаврға жер заңнамасы саласындағы терең және тұрақты теориялық білім жүйесін қалыптастыру; Сондай-ақ практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Оқу дағдысының нәтижесінде студенттер мынаған қабілетті болады:

-          жер заңдылығы және заңнамасы институтының құқықтық мағынасын, оның ерекшелігін, жер заңнамасының құқықтық актісінің мазмұнын талдауға, іс жүзінде қолдануға;

-          қызметтік міндеттер аясында шешім қабылдау, сондай-ақ құқықтық нормаларға сәйкес жерді қорғау және қолдану мақсатында әрекет етуге қабілеті;

-          құқықтық және басқа да іс-құжаттармен жұмыс жасағанда іскерлік тұрғыдан дұрыс және тиянақтылықты көрсетеді;

-          жер заңнамасының ережесін дұрыс атқару және жер құқықтық қатынасы саласында құқықтық тәртіпті қадағалауға;

-          құқықтық қателіктерді орнына келтіруге шара қолдануға;

болашақ кәсібінің маңыздылығын түсіну және құқықтық кәсібилікке ие болады