«Нұрлы Жол – Жібек Жолы»құқықтық ғылыми-консалдингтік Орталықтың

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының жанында «Нұрлы Жол – Жібек Жолы» құқықтық Ғылыми-консалдингтік Орталық

 

 

 

 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде әзірленді: Азаматтық Кодекстің, Кәсіпкерлік Кодексін, «Білім туралы», «Ғылым Туралы», «Инновациялық қызмет туралы», Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Жарлығы «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің» (бұдан әрі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және «Нұрлы Жол – Жібек Жолы» құқықтық Ғылыми-консалдингтік Орталықтың (бұдан әрі – Орталық) негізгі мақсатын, пәнін, міндеттерін, принциптерін, негізгі бағыттары мен әдістерін және негізгі қызметінің ұйымдастырушылық аспектілерін анықтайды.

1.2. Орталық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде «___»________2016 ж. №________ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының жанында «Нұрлы Жол – Жібек Жолы» құқықтық Ғылыми-консалдингтік Орталық ретінде құрылды.

Орталық – бұл ғалымдар, практиктер және білім алушылардың, ерікті және өзін-өзі басқарушы қалыптастыру бірлестігі, заң факультетінің деканының бастамасы бойынша құрылған.

1.3. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Жарлығына және басқа да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нормативтік құжаттарымен және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.4. Орталықтың атауы:

мемлекеттік тілде – «Нұрлы Жол – Жібек Жолы» құқықтық Ғылыми-консалдингтік Орталық;

орыс тілінде – Научно-консалтинговый правовой Центр «Нурлы Жол – Шелковый путь;

ағылшын тілінде Scientific-consulting legal center «Nurli Zhol - Silk road»;

қысқаша – «Нурлы Жол Жібек Жолы» құқықтық орталығы.

1.5.    Орталық шаралардың сапасына және үйлестіретін жобалар мен зерттеулер, алынған нәтижелердің, мемлекеттік органдар және банктердің, әріптестердің алдында жасалған шарттар бойынша, өзіне алынған міндеттемелерді орындауы үшінқолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты.

1.6.             Алматы каласы, аль-Фараби көшесі 71, Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы, 302 кабинет, телефон – 1244.

 

 

  1.  ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

 

2.1. Орталықтың қызметінің негізгі пәні «сәулелік» қағида бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымқұруға бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы зерттеу, кеңес беру және өкілдік және өзге де коммерциялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Орталықтың мақсаты:

- барлық экономика және саясат секторларында Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» 2015 - 2019 жылдарда өткізілетін Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, халықаралық жобалар «Жібек жолы экономикалық белдеуін» (SREB) және «Теңіз Жібек жолы» (MSR) «бағдарламасы шеңберінде One Belt and One Road» (бір белдеу - бір жол) жәрдемдесу; 

- халықаралық және ұлттық құқық саласындағы ғылыми-зерттеу және білім беру бастамаларын іске асыру;

- заңнаманы әзірлеу, сараптама жасау және іске асыру шеңберінде аталған жобаларды жүзеге асыру саласындағы заң көмегін көрсету;

- «Бір белдеу - бір жол» жобасына қатысушы елдер арасындағы халықаралық студенттік және оқытушылық мобильділікті арттыру;

- ҚазҰУ-дың жоғары оқу орындарымен және «One Belt and One Road» (бір белдеу - бір жол) бағдарлама қатысушы елдердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейту.

2.2. Орталықтың негізгі міндеттері:

- «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы іс-шараларды іске асыру;

- жеке және заңды тұлғаларға заң консультацияларын ұсыну, оның ішінде ақылы негізде;

- зерделеу мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп және уәкілетті органдардың қызметінде «Нұрлы Жол» және «One Belt and One Road» (бір белдеу - бір жол) бағдарламасының практика материалдарын пайдалану, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану;

- жобаларды жүзеге асыру аясындағы бағдарламалар мәселелері бойынша бірлескен зерттеу нәтижелерін жариялау;

- «One Belt and One Road» (бір белдеу - бір жол) бағдарламаға қатысушы елдерінің жоғары оқу Орындарының білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;

- елдердің ғалымдар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тетігін құру, қарым-қатынастарды орнату және оларды пайдалану мақсатында ынтымақтастықты дамыту.

2.3. Орталық құрылымына, шығыс ұйымдық-өкімдік және нормативтік басшылық құжаттармен,университет Жарлығына сәйкес оқу және университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасап қарым-қатынастарын реттейді.

Орталықтың қызмет салалары:

- «One Belt and One Road» (бір белдеу - бір жол) бағдарламасының қатысушы - елдер арасындағы экономикалық және өзге де ынтымақтастық кәсіпорындар, ұйымдар, компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің қолданыстағы жобаларын заңнамасына сәйкес келуін талдау;

- ақпараттық және өзге де қызмет көрсетуді, семинарлар, көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру, инновациялық қызмет өнімін жүзеге асыру;

- қолданыстағы заңнама мен Қазақстан Республикасының халықаралық құжаттар мен бағдарламаларды оқыту және түсіндіру мақсатында тренингтер, семинарлар, мастер-класстар өткізу;

- консалтингтік қызмет көрсету, редакциялық-баспа қызметі, шарттар негізінде жобалау жұмыстары.

Орталықтың қызметін атқаратындар:

   - Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары мен тартылған мамандар;

- жоғары оқу орындары мен басқа да ұйым еліміздің және шетелдің іссапарға жіберілген тағылымдамадан өтушілер-зерттеушілер мен тағылымдамадан өтушілер;

- докторлық, магистрлік, дипломдық жұмыстардың және өзге де жобалар орындауын тәртібі бойынша білім алушылар.

Аяқталған жобалар бойынша факультеттің Ғылыми кеңес отырыстарында қаралған және бекітілген есептер жасалады.

 

3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

   3.1. Орталықтың экономикалық қызметі сырттан қаржы-қаражат (гранттар, демеушілік қолдау) есебінен, сондай-ақ жасалған шарттардың және келісімдердің, демеушілер қаражаты шетелдік жоғары оқу орындары сатудан түскен түсімдерден жүзеге асырылады.

   3.2. Орталықтық қаржы қаражаты:

   -    орталықтық жүргізілетін зерттеулер қаржыландыруы, сондай-ақ жүзеге асыру инновациялық қызметі, білім беру қызметі, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тартылатын іргелі зерттеулері;

- гранттар бойынша мемлекеттік ғылыми қорлардың мақсатты зерттеулердің қаржыландыруы ретінде түскен қаражат;

- тапсырыс берушілердің, оның ішінде шетелдік жұмыстарды орындау шарттар (келісімшарттар) бойынша келіп түсетін қаражатынан;

   - ақшалай қаражат ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры бекітілген сметаға сәйкес жұмсалады.  

         3.3. Орталық өзінің қаржылық және шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Орталықтың ақшалай қаражаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шотына түседі,және де Орталықтық жалпы табысынан университет15% ұстайды, ал жұмыс істеу үшін Орталыққа бөлінеді 85%.

   3.4. Орталық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңдарымен (аудиториялармен, кітапхана, компьютерлік сыныптар) өтеусіз пайдаланады.

 

  1.  ҰЙЫМ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

 

4.1. Орталықты жеке еңбек шартының, шекте және тәртіппен қолданылып жүрген белгіленген заңдар негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректоры тағайындайтын Директор басқарады.

4.2. Директор тікелей әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорға, ғылыми-инновациялық жөніндегі проректорға бағынады. Директор келісім-шарттар жобаларын, ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды орындауын дайындайды, оның ішінде кәсіпорындар мен және еліміздің және шетелдердің мекемелерімен.

4.3. Директордың негізгі функциялары:

- орталық қызметін басқаруды жүзеге асыру;

- факультет Ғылыми Кеңесіне жұмыс жоспарын қарауына ұсыну, қызмет нәтижелері бойынша есеп беру құжаттарын дайындау;

- келісім-шарттар мен келісімдер жобаларын дайындау, соның ішінде шетелдік ұйымдармен;

- бекітілген жоспарлар мен сметалар шегінде барлық материалдық ресурстармен өкімі;

- университет алдында орталықтың міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету.

4.4. Орталықтың жұмысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы үйлестіреді. Орталық жұмысын ашықтық, өзін-өзі ақтау, қатысушылардың алмасу, еріктілік қағидаларына негіздене отырып жүзеге асырады.

Орталық бес секторлардан құрылады:

-         жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру секторы;

-         сыртқы байланыстар жөніндегі секторы; 

-         құжаттамалық қамтамасыз ету секторы;

-         БАҚ және маркетология;

-         академиялық ұтқырлық секторы.

4.5.                  Орталықтың қызметін ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор жетекшілік етеді. 

 

5. ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

5.1. Орталық қызметкерлері ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше сақтауға, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративті мәдениет Кодекстің нормаларын сақтау, Орталықтың тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызметін, мүліктің сақталуы мен ақпараттық қауіпсіздік жауапты болады.

5.2. Орталық қызметкерлері ҚР Заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады:

- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу, білім алушылардың (студенттердің) және орталық қызметкерлерінің жеке басының қадір-қасиеті;

- білім алушылардың (студенттердің) және орталық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша қауіпсіздік талаптарын бұзу үшін;

- ғылыми қызметінің жедел басқаруын пайдалану жөніндегі сақталуы және берілген техникалық жабдықтарды жұмыс істеуін қамтамасыз талаптарды бұзу үшін.

5.3. Орталық қызметкерлерінін құқықтары:

- шаруашылық келісім-шарттар мен келісімдер тартуға, олардың орындау кезінде орындаушылар болуына;

- Орталықтың жұмыс жетілдіру бойынша және шарттар мен келісімдер орындауы туралы сөзі бастама;

- аудиториялық тізім қордың объектілері және университетінің құрал-жабдықтармен материалдық-техникалық базасын (аудио – және видеотехникой, мультимедиялық жабдықтармен, кітапхана қоры) пайдалану;

- ғылыми-зерттеу қызметіне алынған құжаттарды авторлық құқық қорғауға;

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ келісім шартқа сәйкес, келісімге, ақы төлеу шарттарына сәйкес жұмысы үшін ақы төлеу шарттарына талап ету;

- академиялық алмасуға қатысу, жоғары оқу орындарына және «One Belt and One Road» (бір белдеу - бір жол) елдердің ғылыми ұйымдарға қатысуға шығу. 

5.4. Ғылыми-консалтингтік орталықтың қызметкерлерінің міндеттері:

- шаруашылық шарттар және келісім бойынша жүктелген міндеттерді сапалы және белгіленген мерзімдерде орындау;

- барлық презентациялық материалдарда университеттің логотипін пайдалану;

- орталықтың қызметін университеттің Жарлығы мен ішкі тәртіп Ережесімен белгіленген тәртіппен регламенттеу;

- белгілі бір шаруашылық шарттар мен келісімдердің шарттарын сақтау, оның ішінде талаптар таратпау;

- өтеусіз негізінде Орталықтың қалыпты қызмет етуі үшін Орталықтың Директоры жүктелген қажетті өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті;

- университеттің Ғылыми кеңесінің және кафедралар отырыстарында орталықтың нәтижелерін тыңдауға беру.

 

6. ЕСЕП АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК 

 

6.1. Орталық жыл сайын заң факультетің Ғылыми Кеңесіне және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментке жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының және қаржылық есептіліктік нәтижелері туралы Жылдық есеп, сондай-ақ Департамент сұрау салуы бойынша аралық есептерді ұсынады.  

6.2. Директор жыл сайын ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментке күнтізбелік жоспар ұсынады және ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментіне департамент қызметкерлерінің сұрауы бойынша күнтізбелік жоспар орындау нәтижелер есебін береді. Жоспарлар негізін «Нұрлы Жол» бағдарламасы, тақырыптық жоспарлар, жобалар, келісім-шарттар, тапсырыс берушілердің конъюнктуралық нарығын зерттеулер және тұтынушылық сұраныстың бағалары құрайды.

 

7. ЖОСПАРЛАУ

 

7.1. Орталық өз бағытын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ даму Стратегиясына сәйкес дербес айқындайды.

7.2. Орталықтың тиімді ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет ұйымдастыру мақсатында:

- тақырыптық жоспарлау мен басымдықтарды анықтау, инновациялық мақсаттарды қолдау;

- әр түрлі көздерден қаржы қаражат тарту;

- отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу мониторинг;

- семинарлар, тренингтер, мастер-кластар өткізу.

 

8. ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК АҚЫСЫ 

 

8.1. Орталық қызметкердің еңбек қарым-қатынасы еңбек шартымен реттеледі, онда төлеу шарттары, шарт мерзімі, өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, басқа да жұмыс беруші мен қызметкердің қызығушылық білдіретін мәселелері ҚР еңбек заңнамасына сәйкес айтылады.

Еңбекақы төлеу жүйесі және тәртібі, қызметкерлерге еңбекақы төлеу құралдар өлшемі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ белгіленген тәртіппен анықталады.


 

9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

   9.1. Халықаралық ынтымақтастық Университет пен факультеттің жасалған шарттармен және келісімдермен айқындалады.

Орталықтың халықаралық ынтымақтастығы келесі бағыттарды қамтиды:

- бірлескен зерттеулерді және ғылыми жобаларды шаруашылық есеп негізінде орындау;

- өзара алмасу, ғылыми кадрларды дайындау және тағылымдама даярлау;

- бірлескен халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу;

- жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша жеке және бірлескен шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен жарияланымдар.

 

10. ТАРАТУ

 

10.1. Орталықтың таратылуы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының бұйрығымен жүзеге асырады.