Игі бастама үзілмеуі тиіс

15.06.2017

Көрулер: 965

Журналистердің кәсіби мерекесіне де аз қалды. Жыл сайын маусымның соңғы аптасына келетін атаулы күнмен құттықтау үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ұжымы редакциямызға арнайы ат басын бұрды. Қара шаңырақтан түлеп ұшқан түлектеріне дайындаған марапаттары бар екен. Салтанатты жағдайда табыс етуге сый-сыяпаттарын қоса ала келіпті.

Еліміз бойынша маман даярлаудан Ұлт­тық университет көш бастайды. Талап­кер­дің тілегі, алға қойған мақсаты, ойға алған ар­ма­ны – көп жағдайда ҚазҰУ. Соның ішін­де жур­­налистика факультеті қабыр­ға­сында білім ал­ған­дардың басым бөлігі бүгінде – белгілі аза­маттар. Бірі – мерзімді басылымның бе­дел­ді тілшісі, бірі – телевизия майталманы, ен­ді бірі – білікті бас­шы. Бәрін біріктіріп, бір ар­наға тоғыс­тыр­ған – ҚазҰУ. Осыны ескере оты­рып, жур­на­лис­тика факультетінің ұжымы «Біз тү­лек­те­рі­міз­бен мақтанамыз» атты акция бас­та­ды. Бас­­тамаға сәйкес еліміздің түкпір-түк­пірінде кәсіби мамандығы бойынша қыз­мет атқарып, көзге түсіп жүрген түлектерді фа­­культет тара­пынан марапаттау жоспар­ла­нып отыр.
Сағатбек МЕДЕУБЕКҰЛЫ, журналистика факультетінің деканы: 
– «Біз түлектерімізбен мақтанамыз» ак­циясын ұйымдастыруды биылдан бастап қол­ға алдық. Ең алғаш болып еліміздегі ең бе­делді басылымдардың бірі, жас жур­­­­­на­лис­тер­дің ар­ма­­нындағы қызмет ор­ны­на айналған «Айқын» республикалық қо­ғам­дық-саяси газе­ті­нен бастағанды жөн көріп отырмыз. Бұл жерде көптеген түлегіміз қызмет еткен, әлі де жұмыс істеп келеді. Ұс­таз­дар үшін шәкіртінің кеңінен қанат жа­йып, шырқау биікке ұшқанын көруден ар­тық бақыт жоқ! Біздің тараптан теория жү­зін­де берілген білімді сіздер тәжірибе ар­қылы шыңдайсыздар. «Айқын» газетінің ұста­ха­на­сынан өткен журналистердің осалы бол­май­ды. Осылайша, екі араға даңғыл жол са­лып, бірлесіп жұмыс атқара берейік. Біз сіз­­­дер се­кілді түлектерімізбен, шын мәнісін­де, мақ­та­­на­мыз. Газет ұжымына табыс, денсаулық, шығар­машылық шабыт тілейміз. Кәсіби ме­ре­­келеріңізбен құттықтаймыз!

Толықырақ: https://aikyn.kz/2017/06/14/16993.html