Болашақ журналистер «Егемен Қазақстанда» қонақта болды

20.12.2017

Көрулер: 1127

Игі шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Журналистика факультеті VI Мобильдік медиа мектебі аясында ұйымдастырып отыр. Оған Астана, Алматы қалаларынан бөлек, Жамбыл, Қарағанды, Қызылжар өңірлерінің студенттері қатысты.

Алқалы жиынға басылым басшысы Дархан Қыдырәлі қатысып, болашақ тілшілерге газеттің өткенінен сыр шертіп, жоспарлар жайлы ой бөлісті және өмірін журналистикамен байланыстыратын әрбір адам алдымен газеттің тыныс-тіршілігімен танысуы керек екенін айтты. Газет басшысының айтуынша, жаза білетін маман әрдайым сұранысқа ие журналистердің қатарында болады. – Қазір редакциямызда жастардың қатары көбейді. Алдағы жылы да бұл үрдіс жалғаса бермек. Біз қазір интернет-редакциямызды күшейтіп жатырмыз. Осы мақсатта сайтымыз қазақ тілінен бөлек, биыл ағылшын және орыс тілдерінде ақпарат таратуды бастады. Нәтижесінде, студенттердің ағылшын тіліндегі мақалалары жариялана бастады. Міне, бұл жастарға өзін өзі көрсетуі үшін «Егемен Қазақстан» тарапынан берілген үлкен мүмкіндік, – деді Дархан Қыдырәлі.


Толығырақ: https://egemen.kz/article/162554-egemen-qazaqstan-zhurnalistika-fakultetininh-studentterimen-kezdesti