«Жаңа Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы: теория, практика және даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы - 2023 жылғы 5 мамыр

05.05.2023

Көрулер: 1741

 

 

 


 

 

 



 

 


 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сіздерді 2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Бірінші Конституциялық сотының бірінші төрағасы Мұрат Тәжі-Мұратұлы Баймахановты еске алуға арналған «Жаңа Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы: теория, практика және даму перспективалары».

 

Конференцияның мақсаты - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық өміріндегі демократиялық процестерді конституциялық-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдірудің, құқықтық мемлекет пен елдің азаматтық қоғамының тиімді жұмыс істеуінің өзекті ғылыми-теориялық мәселелерін талқылау. Аталған мәселелер бойынша ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор М. Т. Баймахановтың ғылыми мұрасын талдауға ерекше назар аудару жоспарлануда.

 

 

  •  Конференция жұмысының бағыттары:

 

· ҚР ҰҒА академигі М. Т. Баймахановтың егеменді Қазақстанда құқықтық мемлекеттілікті бекітудің теориялық негіздерін әзірлеудегі еңбектерінің рөлі мен маңызы;
· Академик М. Т. Баймахановтың ҚР-дағы азаматтық қоғамның барлық элементтерін нығайтудағы саяси-құқықтық көзқарастары;
· Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының теориялық-әдіснамалық аспектілері;
· 2022 жылғы Қазақстандағы конституциялық реформа қазақстандық қоғамда демократиялық процестерді өрістетудің катализаторы ретінде;
· ҚР-дағы конституциялық-құқықтық заңнаманы реформалау және оның елдегі құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға әсері;
· Қазақстандағы сайлау процесі Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің жетілу деңгейінің көрсеткіші ретінде;
· ҚР Конституциялық Соты-құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі: қызметті жетілдіру мәселелері мен перспективалары;
· Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігінің тиімді жұмыс істеуінің көрсеткіші ретінде ҚР - дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін нығайту мәселелері;
· Қазақстан Республикасындағы саяси плюрализм мен көппартиялылықты нығайту мәселелері және осы процестердің жетілген азаматтық қоғамның қалыптасуына әсері;
· Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және оларды құқықтық тәрбиелеу – Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі.

 

Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғалымдары, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, ЖОО оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, студенттер, БАҚ өкілдері қатысады.


 Сізді және сіздің қызметкерлеріңізді конференцияға қатысуға шақырамыз.



Конференция материалдары бойынша ұйымдастырушылардың есебінен халықаралық стандартты нөмір (ISBN) берілген материалдардың электрондық жинағы шығарылған.

 

  • Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

 

  • Конференция форматы: аралас формат (онлайн және офлайн)

 

  • Конференцияны өткізу күні: 5 мамыр 2023 жылы

 

  • Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң кітапханасының 3-қабаты, 303 ауд.

 

  • Конференция үйлестірушісі: А. С. Ибраева Д. А.Турсынкулова

 

  • Байланыс нөмірі: +7 701 555 64 66; +7 707 575 11 75


  • Ұйымдастыру комитеті. Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы

 

  • Өткізу уақыты: 5 мамыр, 11: 00, 10:30 – қатысушыларды тіркеу

 


 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы