Мемлекеттік органдардың қызметінің алгоритмі

Бірінші қадамҮйлестірушінің мекенжайына жобаны жіберу

 

Үйлестіруші

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (бұдан әріҚазҰУ).

Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – Институт) НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама өткізу бойынша ҚазҰУ қоса атқарушысы болып табылады.

 

Сараптама өткізілетін норма шығару процесінің кезеңі

 

НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама әділет органдарына (ӘМ және ӘД) оны келісуге енгізгенге дейін өткізіледі.

 

Сараптамаға құжаттарды жеткізудің электронды тәсілі

 

ҚазҰУ және Институт Documentolog жүйесінде, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркелген.

НҚА жобасын электронды жүйе арқылы жібергенде «адресат» жолында әзірлеуші «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтын» таңдайды.

Анықтамалық: ЭҚАБЖ немесе Documentolog бойынша құжаттарды жібергенде жобаның қағаз нұсқасын ұсыну қажеттілігі жоқ, себебі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша ЭЦҚ арқылы куәландырылған электронды құжат қағаз тасығышта қол қойылған құжатқа тең.

 

Құжаттарды жеткізудің қағаз әдісі келесі мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады:

Өкіл

Кеңсе

Алматы

Алимкулов Ербол

Темирханович

87017140181

8 (727) 377 77 77 вн. 1354, 3232

Әл-Фараби даңғылы, 71 (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғимараты)

Нұр-Сұлтан

Алимжанов Султан

87760100789

Сығанақ көшесі 29, Евроцентр БО, 1106-кабинет

Ақтау

Гизатова

Акторгын

Тулегеновна

 

87013041062

«Шығыс-2» ш/а, № 2 ғимарат, «Жаннұр» Бизнес-орталығы, №408 каб.

 

Ақтөбе

Биманова

Зулхия

Саматовна

 

87774921925

87014931029

ҚАЗПОЧТА ғимараты, Әбілқайыр хан даңғылы 62, 305-каб.

 

Атырау

Дауленова

Гулим

Жагоровна

 

8 701 921 50 21

Балықшы, Калмуханов көшесі 22, 26-каб.

 

                                 Қарағанды

Нургалиева

Жансая

Сакеновна

 

87784019682

Колледж, Назарбаев даңғылы 50, 112-каб.

 

Көкшетау

Даниярова

Дина

Сарсенбаевна

 

7 7013304263

87711528185

«Капитал» БО, Назарбаев даңғылы 29Б, 401-каб.

 

                                   Қостанай

Сактаганова

Сауле

Коморгалеевна

 

87054526999

Кустанайтурист қонақ үй кешені

Байтұрсынов көшесі 72, 306-кеңсе

 

     Қызылорда

Нургали

Ельдос

Еркинулы

 

87082343014

Қазақ Гуманитарлық-заң және Техникалық колледжі, Қонаев көшесі 17 А /, 209-каб.

 

Павлодар

Тюлюбаева

Дана

Набиевна

 

87057088400

Бизнес-орталық, Астана көшесі 132, 29-каб.

 

             Петропавловск

Сагденова

Алия

Сансызбаевна

 

+77018543351, +77056419042

Бизнес-орталық, Абай көшесі 29, 302-каб.

                                  Талдықорған

Сыдыкова

Перизат

Нурлановна

 

87473696154

87007822820

Жігер Бизнес-орталығы, Ақын Сара көшесі, 137, 3 б-кеңсе

 

Тараз

Иманберды

Ерсултан

Куатбекулы

 

87009519395

Бизнес-орталық, Төле би көшесі 80, 14-каб.

 

   Түркістан

Рахимова

Балдаурен

Жанабековна

 

+7(705)7531046

«Ханака» қонақ үй кешені, 3-блок, Байбурт көшесі 3а, 2-каб. (2-қабат)

 

Орал

Искакова

Айгуль

Абуталиевна

 

87471161909    87051803424

«Лингво» аударма орталығы , Ихсанов көшесі 73, 3-үй-жай, 10-каб.

 

                 Өскемен

Турегельдинова

Гульнар

Закеновна

 

87057797646

Бизнес-орталық, Сәтпаев даңғылы, 62, 814-кеңсе,

 

Шымкент

Сеитова

Салтанат

Абилхановна

 

87786198676

Бизнес-орталық, Бәйдібек би көшесі 32 А, 205-каб.

 

 

Орналасқан жері мен өкілдердің байланыс деректерін Институттың сайтынан табуға болады – https://niis.kz/

 

Материалдарды қолмен немесе почта сервистері арқылы жіберген жағдайда жобаны institutsapargalieva@gmail.com электронды адресіне жіберу қажет

 

Сараптамаға жіберілетін материалдар

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы өткізу үшін әзірлеуші үйлестірушіге келесі материалдарды жібереді:

1) нормативтік құқықтық актінің жобасы (қазақ және орыс тілдерінде);

2) нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);

3) енгізілетін өзгертулер және толықтыруларды тиісті негіздеумен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізгенде нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырмалы кесте (қазақ және орыс тілдерінде);

4) заң жобасының тұжырымдамасы (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);

5) зерттелетін проблема бойынша статистикалық деректер (бар болса).

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы өткізу туралы талап мынадай жобаларға қолданылмайды:

 

     Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарғыларына;

     Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының нормативтік құқықтық актілеріне;

     Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының нормативтік қаулыларына;

     Конституциялық кеңестің нормативтік қаулыларына;

     Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларына;

     Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасы Президентінің жарғы жобалары және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілерді енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларына;

     нормативтік құқықтық актілерді күші жойылған деп тану бойынша нормативтік құқықтық актілерге;

     Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерге;

     Үгіттеу баспа материалдарын жариялауға арналған орындарды анықтау және сайлау учаскелерін құру туралы нормативтік құқықтық актілерге;

Әкімшілік-аумақтық бірлікті құру, тарату және түрлендіру, олардың шекараларын және бағыныштылығын анықтау және өзгерту, оларды атау және қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы құқықтық актілерге;

       елді мекендердің құрамды бөліктерін атау және қайта атау, сондайа-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері, республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалар, шектік тарифтерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     қауымдық сервитут белгілеу туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерге;

     мемлекеттік құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, сондай-ақ "Қызметтік пайдалану үшін", "Баспада жариялаусыз", "Баспаға арналмаған" белгісі бар нормативтік құқықтық актілерге.

     Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама өткізу туралы талап сондай-ақ Ереженің осы тармағымен көзделген нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылады.

 

Екінші қадам сараптама өткізу

 

Сараптама өткізу мерзімдері

 

Ережеге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама өткізу мерзімі заңға бағынышты НҚА жобалары бойынша 10 жұмыс күніне дейін және заң жобалары бойынша 15 жұмыс күні. Қажеттілігі болғанда және әзірлеушінің келісімімен сараптама өткізу мерзімі 5 жұмыс күніне дейін ұзартыла алады.

 

Сараптама қорытындысы

 

Сараптама қорытындылары әзірлеушіге ілеспе хатпен уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі. Бұдан басқа, қорытындылар КазҰУ https://www.kaznu.kz/ru ресми интернет-ресурсында жарияланады.

 

Сараптама өткізу кезінде сарапшылармен өзара әрекеттесу

 

Сараптама қызметінің тәуелсіздігі принципін сақтау мақсатында сараптама өткізу кезінде сарапшылармен өзара әрекеттесу мүмкін емес.

 

Үшінші қадамсараптама өткізгеннен кейін өзара әрекеттесу

 

Кеңестік кездесулер

 

Әзірлеуші нормативтік құқықтық акті жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын дайындаған сарапшылар тобы немесе сарапшымен кеңестік кездесуді ұйымдастыруға құқылы.

 

Сарапшының ұсынысын қабылдау немесе қабылдамау негіздемесімен хатты жіберу

 

Сараптамалық қорытынды ұсыныстарымен келіспеген жағдайда әзірлеуші 10 жұмыс күні ішінде келіспеу себептерін негіздеумен жауапты ҚазҰУ немесе Институттың мекенжайына жіберуі тиіс.

Егер қорытынды әзірлеушінің құзыретіне жатпайтын ұсыныстарды қамтыса, әзірлеуші оларды құзыретіне тиісті позицияны қалыптастыру үшін осындай сұрақтарды қарау кіретін мемлекеттік органдарға жібереді.

Қорытындыны алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын сұрақтарды қарау кіретін мемлекеттік органдар аталмыш ұсыныстарды қарау бойынша шараларды қабылдауға және әзірлеушіге тиісті ақпаратты ұсынуға міндетті.

 

Қайталама сараптама

 

Егер НҚА жобасы Президент әкімшілігі, Премьер-Министр кеңсесі, әділет органдарының ескертулері және ұсыныстары бойынша түбегейлі өзгерістерге ұшыраса жобаны қайталама сараптамаға жіберу қажет. Қайталама сараптама 5 жұмыс күніне дейін өткізіледі.

 

________________________