"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

 

З.ғ.д., профессор Усеинова Г.Р. (1966-2021 гг.)



ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР Агенттігінің департаменті және «Sanaly Urpaq» Республикалық жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, Сіздерді 2021 жылы 8 желтоқсан күні сағат 10.00-де Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ ғылыми кеңесшісі, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, Алматы қаласы бойынша «Адал көмек» жобасының жетекшісі, з.ғ.д., профессор Усейнова Гульнара Рахимжановнаны еске алуға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

 

Конференцияда келесі сұрақтарды қарастыру жоспарлануда:

  • · Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен мәнін анықтау мәселелері. Сыбайлас жемқорлықты түсіну жолдарының әртүрлілігі;
  • · Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың халықаралық-құқықтық және ұлттық тәжірибесі: заңнама мен құқықтық тәжірибені талдау;
  • · Қазақстан Республикасы Білім беру субъектілерінің парасаттылығын қалыптастырудың негізі ретінде құқықтық білім беру мен құқықтық тәрбие мәселелері.
  • · Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тетігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

 

Конференция жұмысына ҚР жоғарғы және жергілікті заң шығарушы, сот және атқарушы билік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қауымдастық өкілдері, ЖОО мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конференцияға қатысуды растау үшін, сондай-ақ барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Конференция «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ғылыми-зерттеу институтымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасымен өткізіледі.

 

Конференция гибридті форматта өтеді:

онлайн: Zoom платформасында;

Идентификатор және кіру коды: Zoom конференциясына қосылу
https://us02web.zoom.us/j/88267560224?pwd=YmVYT04zb2pCS0xCVFBKaTF2OEtBdz09 

Конференция идентификаторы: 882 6756 0224 Кіру коды: 1234

 

Оффлайн өткізілетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, ГУК – 3, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті Ғылыми кеңесінің залы, 410 ауд.

 

Координаторлар – Усеинова Карлыгаш Рахимжановна, Бисенгали Лилия

Эл. пошта – karlygash_usein@mail.ru

Ұялы тел: +7 701 801 86 88, +7 778 736 66 96

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ!

 

Қосымша.docx