Кинологиялық орталыққа бару
05.10.20195 қазан 2019 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығында болды. Болашақ заңгерлер алдында Алматы қ.ІІД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция подполковнигі Болгумбаева Анель сөз сөйледі. Экскурсия қызметтің пайда болу тарихы және қазіргі кинологтардың жұмысы туралы әңгімеден басталды. Осыдан кейін балаларды полигонды, жаттығу кешенін, серуендеуге арналған ауланы және ветеринарлық клиниканы қарауға шақырды.