SKILLS ACADEMY - ТІЛ ҮЙРЕНУ ПЛАТФОРМАСЫ

12.04.2021

Көрулер: 2052

Журналистика факультеті 2-курс магистранты Берікбол Төлеген "Skills academy - тіл үйрену платформасы" жобасын Студенттік бизнес инкубаторлар байқауына ұсынып, университет бойынша 3-орынды иеленді.

Жобаның видеотаныстырылымы төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

https://yadi.sk/i/VY8qVMIkA8HlLA

Жоба авторы Берікбол Төлеген, журналистика факультетінің магистранты, Skills academy ЖШС директоры. Студенттік уақыттан қолға алынған Qaztest.kz, Martebe.kz және Ozattar.kz жобалары қазіргі таңда Қазақстанда танымал, сұраныстағы білім жобаларына айналып отыр. Skills academy тіл үйрену платформасы да сапалы білім беруге ұмтылатын компанияның кезекті бір үлкен жобасы. Платформа арқылы бірнеше тілді және дағдыларды дамытуға болады. Жобаның бірінші кезеңі мамыр айында нарыққа шығарылады деп жоспарланып отыр. Екінші кезеңінде платформамен қатар білім беретін мобильді қосымшасы да шығарылмақ.