Мәселе мен шешім

20.02.2019

Көрулер: 2190

Журналистика факультетінің студенттері қоғамға өз үлестерін тигізуде. Студенттерден құралған топ "Start-Up" жобасы бойынша өз жұмысын бастағалы жатыр. Жобаның негізгі мақсаты: Электротехникалық және электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) тұрғындардың өз өміріне, болашағына, қоршаған орта мен қоғамға, сондай-ақ Алматы қаласында ЭЭЖҚ қалдықтарын қабылдайтын орталық құруға бағытталған. Біздің ҚазҰУ студенттерінің мақсаты мен міндеті: Еліміздегі қоршаған ортаның ластануына өз ықпалын тигізіп жатқан техникалардан, жаңа тұрмыстық материалдарды жасап шығару. Мәселен: Үтік, қысқа толқынды пеш, теледидар, дербес компьютер, телефон, сағат секілді жұмыс істеуін тоқтатқан техникалардан, тұрмысқа қажетті дүниелерді жасап шығару және оны тұрғындар арасында экологиялық хабардарлықты арттыру мақсатымыз болып табылады.

Қорытындылай келебіздің топтың студенттері "Start-up" жобасын қолдай отырып, табиғатты қорғауға, елдің табиғат-ресурстық жағдайын жақсартуға және  тұрмыстық техникалық материалдарды жасап шығару жоспарымызда бар. Біз жоба аясында алдымен техниканы өңдемес бұрын, табиғатқа зияны тимес үшін оны утилизациялап, яғни залалсыздандырып,  содан соң өңдеу қажет екенін ұғындық. Өнімнің утилизациядағы қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі, материалдарды неғұрлым аз шығынмен қайта қолданудың мүмкіндігін түсіндік. Осыны әр технолог маман ескерсе және Қазақстан Республикасының әр тұрғындары күнделікті өмірде тазалықты ұстанатын болса, елімізде экологиялық мәселелер туындамайды деген ойдамын.

Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің, 1 курс студенті, Әбиева Мөлдір Бөлекбайқызы