"Тарих, археология және этнология факультетінің студенттерімен кездесу"

 

"Қайырымды қоғам" жобасы аясында 27 ақпан 2020 жылы сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы тарих, археология және этнология факультетінің студенттерімен кездесу өткізіп, "Қайырымдылықтың физиологиялық негіздері" тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Кездесуді тарих, археология және этнология факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы ашып берді.

Дәріс барысында Сұлтан Төлеуханұлы Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі екендігін, қазіргі уақытта жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде қайырымдылықтың мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға мейірімділік, өнегелілік тұрғысынан қараудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары көзқарастары» атты трактатында: «Әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін, бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана табиғатына сай жетілу дәрежесіне ие бола алады. Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ», – деп жазып көрсеткен болатын.

 

 

Төлеуханов С.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі,

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушыcы

 

www.kaznu.kz

Басылым күні :  10.03.2020