7R или жизнь в стиле концепции Zero Waste

2021 жылдың 15 сәуірінде педагогикалық тәжірибе аясында химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының «8D05301-Химия» мамандығының 1 курс PhD докторанттары Нуртазина Н.Д., Булыбаев М.Е., Исабаев Н.Н. және х.ғ.к., доцент Сыздыкова Л.И. «7R или жизнь в стиле концепции Zero Waste» тақырыбында тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс-шараға бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері, сондай-ақ кафедра оқытушылары қатысты.

Талқылау барысында табиғи ресурстарды экологиялық таза тұтынуға, минимализм мен қалдықтарды барынша азайтуға, қажетсіз және бір реттік заттардан бас тартуға бағытталған Zero Waste («Нөлдік қалдықтар») тұжырымдамасы талқыланды. Іс-шараға шақырылған қонақ ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЖШС «Жоғары технологиялар институты» экологиялық зерттеулер зертханасының бастығы Панова Е.Н. қатысты. Ол қатысушыларға Zero Waste тұжырымдамасының 7 негізгі қағидасы және қалдықтарды кәдеге жарату мен саналы тұтыну бойынша жеке тәжірибесі туралы айтып берді.

Әр түрлі қоқыстарды дұрыс сұрыптау мәселелері көтерілді. Ұйымдастырушылар Алматыдағы қоқысты қайта өңдеуге қабылдау пункттерінің мекен-жайлары мен байланыстары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, олар экологиялық қауіпсіз өнімдер мен заттарды сатып алуға болатын сегіз инстаграм-дүкені туралы айтты. Қатысушыларға күнделікті өмірде қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға көмектесетін 17 жақсы әдеттер ұсынылды.

Іс-шараның видеосы YouTube арнасында орналастырылған: https://www.youtube.com/watch?v=DfPTSchqeHg&t=2284s.

Басылым күні :  19.04.2021