Теория применения химических реагентов в процессе добычи нефти. Хлорорганические соединения

Бүгінгі таңда негізгі және қосымша білім беру бағытындағы ашық онлайн курстардың маңызы зор. Аталмыш білім беру түрі келесідей ерекшеліктерге ие:

ü жоғарғы деңгейлі университет курстарының қолжетімділігі;

ü жекелей курстарды қолайлы уақытта оқу.

Соған орай, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қаңтар – наурыз айлары аралығында жаппай ашық онлайн курстарын дайындау және түсу бойынша конкурс өтті. Конкурс екі кезеңнен тұрды: курс мазмұнын дайындау және ашық түрде қорғау. МООК бойынша конкурс барысында «Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы» оқытушылары х.ғ.к, доцент м.а. Искакова Рауия Амантаевна, х.ғ.к, доцент м.а. Наренова Сауле Маратовна, х.ғ.к, доцент м.а. Ажигулова Рыскуль Ниниловна және аға оқытушы PhD Бәкірова Ботагөз Санатқызымен дайындалған «Теория применения химических реагентов в. процессе добычи нефти. Хлорорганические соединения» атты курсы конкурстық комиссия 18.03.2021 жылғы №17 өкімімен жеңімпаз болып танылды. Курс мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорындар қызметкерлері және де осы салалардың болашақ мамандарына арналған.

Курс авторлары – физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы меңгерушісі Е.А.Аубакировке, әдіскері доцент Г.Қ.Василинаға және химия және химиялық технология факультеті әдістемелік бюро төрайымы профессор м.а. Р.А.Мангазбаеваға сенім артып, қолдау білдіргендеріне Алғыс білдіреді!

Басылым күні :  19.04.2021