Turkiye Scholarship Burslari

13.03.2021 ж. педагогикалық практика аясында Zoom платформасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының "мұнай химиясы" магистратурасының 1 курс студенттері Бузаев Нұрдәулет пен Үсенов Нұрлан кездесуге шақырылған Коджаели университетінің (Түркия) магистранты Марсуров Бекторемен бірлесіп "Turkiye Scholarship Burslari"іс-шарасын ұйымдастырды.

Өздеріңіз білетіндей, шетелде білім алу көптеген қазақстандық студенттер үшін тартымды, бірақ бұл әрдайым қол жетімді емес. Оқу ақысын төлеуден басқа, тұруға, тамақтануға, жол жүруге, оқулықтарға және басқа да шығындарға қаражат қажет.

Университеттер, үкіметтер және әртүрлі ұйымдар ұсынатын гранттар мен стипендиялар қалаған білімге қол жеткізуге көмектеседі. Осыған байланысты Түркияда оқу бағдарламасына қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіруге арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға студенттер, магистранттар мен оқытушылар қатысты. Тұсаукесер барысында кездесуге қатысушыларды қызықтыратын көптеген сұрақтарға толық жауаптар берілді. Әңгіме өте қызу өтті және қатысушылар риза болды деп айтуға барлық негіз бар. Кездесуден кейін кейбір студенттер ерекше қызығушылық танытып, ұйымдастырушылармен байланыс деректерімен алмасты.

Басылым күні :  18.03.2021