Заманауи мұнай өңдеу

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Zoom платформасында Таяу Шығыстағы осы салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде Иранның Ұлттық Мұнай Компаниясының (N.I.O.C) аға мұнай инженері және Таяу Шығыс, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінде мұнай инженериясы курстарының дәріс оқытушысы, PhD докторы Esmaeili Abdollah Esmaeil мырзамен Қазақстанда мұнай өндірудің 122 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Заманауи мұнай өңдеу» атты шарасына қатысуға шақырамыз.

Үш тілде шақыру алдын ала жіберілді.

Іс-шара ұйымдастырушылардың сәлемдесуінен басталды, содан кейін презентация түрінде «Заманауи мұнай өңдеу» туралы кіріспе, Esmaeili Abdollah сөз сөйлеуі, студенттер мен магистранттар тарапынан PhD докторына сұрақтар және қорытындыдан тұрды. Презентацияда Қазақстандағы алғашқы мұнай өндіру, Қазақстанның мұнай саласы, мұнай өңдеудің заманауи үрдістері, мұнайдың болашағы, мұнай өңдеу зауыттары, мұнайдан жасалған өнімдер саласы, жасыл химияның маңыздылығы, СО2 –нің бөлінуі және т. б. мәселелер көтерілді.

PhD докторы Esmaeili Abdollah мырзамен әңгімелесу барысында жасыл химия, әлемдегі ең сапалы мұнай, көмірқышқыл газын кәдеге жарату, зауыттардың сапасы және олардың саны туралы және т.б. сұрақтары қозғалды.

Студенттер мұнайхимиясы, мұнай-газ ісі, органикалық заттардың химиялық технологиялары мамандықтары бойынша әрі қарай білім алу үшін қажетті қанағаттандырарлықтай жауаптар алды. Іс-шараға "Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы" кафедрасының студенттері, магистранттары, оқытушылары қатысты. PhD докторы Esmaeili Abdollah мырзамен кездесу өз деңгейінде өтті.

Басылым күні :  04.03.2021