Словакия Республикасының ұлттық стипендиялық бағдарламасы

24.02.2021 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында педагогикалық практика аясында мұнай химиясы магистратурасының 1 курс студенттері «Словакия Республикасының ұлттық стипендиялық бағдарламасы» іс-шарасын Zoom платформасында ұйымдастырды. Шетелде білім алу бұл әр студенттің арманы, бірақ өкінішке орай, оны бәрінің қалтасы көтере бермейді. Қаржылық проблемалар жалғыз проблема емес. Көптеген адамдар, тіпті жеткілікті қаражат пен оқу жетістіктерімен шетелдік университеттерге түсудің нюанстарын білмейді.

Үш тілде шақыру алдын ала жіберілді.

Іс-шара ұйымдастырушылардың сәлемдесуінен басталды, содан кейін презентация түрінде «National Scholarship Programme of the Slovak Republic» туралы кіріспе, жалпы түсініктер, ақпараттар беру, студенттер мен магистранттар тарапынан сұрақтар және қорытындыдан тұрды. Презентацияда Қазақстандағы студенттер үшін Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы, оған қол жеткізу жолдары, талаптар мен грант қол жеткізудің нюанстары және т. б. мәселелер көтерілді. Сонымен қатар презентация соныңда жиынға қатсып отырған студеттер мен мұғалімдердің көкей кесті сұрақтарына толық әрі нақты жауаптар берілді.

Іс-шараға "Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы" кафедрасының студенттері, магистранттары, оқытушылары қатысты. Кездесу өз деңгейінде өтті және қатысушылардың толықтай көңілдерінен шықты деуге толық негіз бар. Себебі кездесуден кейін кейбір студенттер өздерінің қызығушылықтарын танытып, біздермен кері байланыс орнатты.

Басылым күні :  04.03.2021