Өндіріс – ел экономикасының тірегі

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Фармацевтикалык өндіріс технологиясы мамандығының 2 курс студенттері ФӨТ18-004-2к және ФӨТ18-003-2к "Фармациялық өндірістің негізгі аппараттары мен процесстері" пәні бойынша тәжірибе алмасу үшін физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында болып қайтты. Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары пәнінің дәріскері, доцент, х.ғ.к. Ешова Ж.Т. студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында, қолданылатын қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін көрсетті. Студенттер дистилляция үдерістері, гидродинамикалық бөлу əдістері жəне жалған сұйылу гидравликасы тақырыптары бойынша зертханалық жұмыстардың қондырғыларымен танысты (www.kaznmu.kz)

Сонымен қатар гетерогенді жүйені бөлуге арналған аппарат макеттерімен танысып, тұндыру процессі ауырлық күші көмегімен, сүзу процесі қысымдар айырымының күші көмегімен жүзеге асатынына студенттердің көзі жетті. Алайда осы екеуіне қарағанда ортадан тепкіш күштің әсерімен жүрген үдеріс әлдеқайда тиімді екенін, жалған сұйылту қабатын гидравликалық зерттеуде қолданатын есептеулер мен әдістерді де атап өтті.

Өндіріс – ол ел экономикасының тірегі. Сондықтан фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы қандай маңызды екенін айтып, Қазақстанның өндіріс болашағы біздің қолымызда деген студенттерге мотивация берілді.

Басылым күні :  30.03.2020