Химиктер лигасы!

2023 жылдың 22 сәуірінде химия және химиялық технология факультетінің қабырғасында физикалық химия және катализ кафедрасы және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2-курс студенттері ұйымдастырған "league of chemists" ІІІ Ұлттық интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттерінен құралған 7 команда қатысты.

Сайыс өте қызықты және әсерлі өтті. Іс-шараға әртүрлі топтар қатысып, өзінің мықты жақтарын көрсете алды. Бірінші кезеңде қатысушылардың креативтілігін байқататын видео-роликпен таныстырды. Келесі кезеңдерде қатысушылар химияның әртүрлі саласында өздерінің білімдерін көрсетті.

Жүлделі 1, 2 орын алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Флогистон" және "Феррум" командалары және 3 орын иегері Сәтбаев Университетінің "Алмаз" командасы (команда мүшелері: Байтемирова Нургуль, Амангелді Әсем, Қазыбай Индира, Қаражанова Айғанша, Мустафа Хали, команда жетекшісі: Мырзабекова Шарбану Уметаевна) дипломдармен марапатталып, сайысқа белсенді қатысқан командалар әр түрлі номинацияларда сертификаттарға ие болды.

Басылым күні :  24.04.2023