ҚазҰУ-де дәстүрлі көктемгі конференция

Тамаша дәстүр және жастар үшін өз нәтижелерін талқылауға тамаша мүмкіндік беретін студенттер мен жас ғалымдарға арналған "Фараби әлемі" атты халықаралық конференция 2023 жылдың 6-7 сәуірде химия және химиялық технология факультетінде өтті.

Конференция жыл сайын ұйымдастырылады және көптеген ғалымдар мен мамандар үшін бакалавриат, магистратура және докторантура түлектерінің жұмыс нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беретін тамаша бастама болып табылады.

Конференция жұмысы 8 секцияға бөлінді. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ауызша және стендтік баяндамалар ұсынылды. ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің студенттері, сондай-ақ Алматының және Қазақстанның басқа да қалалары мен ТМД елдерінің әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. "Катализ және мұнай химиясының заманауи аспектілері" бірінші секциясында (секция жетекшілері: х.ғ.д., доцент Т.С. Әбілдин; х.ғ.к., профессор Л. Р. Сасыкова) 16 ауызша және 2 стендтік баяндама талқыланды; 1 баяндама (Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен) онлайн баяндалды. Сүлейман Демирел атындағы университеттің студенттері 3 ауызша баяндама жасады. 1, 2, 3 орын үшін дипломдармен 8 ауызша және ең өзекті және болашағы бар зерттеулер бойынша 1 стендтік баяндама марапатталды. Жүлдегерлер қатарында – ҚазҰУ-нің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының бакалаврлары (жетекшілері: профессор Е. А. Аубакиров, х.ғ.к. Г. Қ. Василина, х.ғ.к. Құдайбергенов, х.ғ.к. Тоштай Қ., х.ғ.д. Ақбаева Д. Н., профессор Ж. Қайырбеков). Конференцияның барлық қатысушылары конференцияға қатысушылар сертификаттарын алды.

 

Басылым күні :  21.04.2023