"League of chemists" дәстүрлі зияткерлік ойыны өтті

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен "League of chemists" зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты физикалық химия саласындағы химиялық, химиялық-технологиялық және басқа да техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің зияткерлік деңгейін арттыру болып табылады.

Аталған шараға биыл Алматы қаласындағы бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысқанын атап кету керек, ол:

1.           Жас Ломономовшылар", Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ,

2.           "SuperNova", Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ,

3.           "Фармацевтер", С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,

4.           "SDUdents", С.Демирел атындағы университет,

5.           "Больцман", әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

6.           "Энтропия", әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Ойын бес турдан тұрды: “Бейне танысу”, “Бейне сұрақтар”, “Сөз тап”, “Блиц-тур”, “Тәжірибелік тапсырма”. Ұйымдастырушылық, тәртіптілік, ойыншылардың бірлігі, тапсырманың жылдамдығы мен сапасы, ойыншылардың белсенділігі, зейінділік, жауаптардың дұрыстығы мен анықтығы, химиялық сауаттылық, дәлелдей білу – бұл қатысушы командаларды бағалау критерийлер болып табылады.

Жарыс командалардың топ жетекшісімен және басшымен бірлесіп өз ЖОО-ның жайлы қысқаша бейне – таныстырудан басталды.

Бейне-сұрақтарды кафедраның оқытушылары мен профессорлары құрастырды, оларға қатысушылар екі минуттық талқылаудан кейін жауап берді.

Үшінші тур кезінде командаларға 4 сурет көрсетілді, олар суретті қорытындылайтын сөз тапты.

Ең қиыны – барлық қатысушылардың атынан Kahoot қосымшасы арқылы қойылған сұрақтарға жауап берген тек бір студент болды.

Сонымен, ҚазҰУ командалары ең ерекше және дәл жауаптарымен ерекшеленді. Бірнеше турлық тартыстан кейін, әділқазылардың шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың "Больцман" және "Энтропия" командалары сәйкесінше бірінші және екінші орындарды иеленді. Үшінші орынды С. Демирел атындағы университет студенттері қанжығасына байлады.

 

Басылым күні :  12.02.2023