Жыл сайынғы «ChemGames» олимпиадасы

Оқушылардың мұнайхимиясын оқуға деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2022 жылдың 18 қарашасында химияның барлық бағыттарын қамтитын жыл сайынғы ChemGames олимпиадасы өткізілді. Іс-шараны KazNU SPE (Society of petroleum engineers) ұжымы, атап айтқанда Рымжанова Жансая (KazNU SPE президенті), Забар Назар (HR-менеджер) және Тасемен Ерасыл (PR-officer), физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасымен бірлесіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің дәрісханасында өтікізлді.

Біз жобаға қазылар алқасы ретінде Галеева Алина Кулбаевнаны (химия және химиялық технология факультетінің деканы), Ажигулова Рыскуль Ниниловнаны (химия ғылымдарының кандидаты, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының аға оқытушысы), Агибаева Лаура Эрлановнаны (ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы) және Тусупбекова Алма Сапаровнаны (химия ғылымдарының кандидаты, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті) шақыру құрметіне ие болдық.

         Қатысқан командалар барлық кезеңде өздерін өте белсенді көрсетті:

1-тур. Ұжымның шығармашылық танытуы;

2-тур. Химия бойынша есептер шығару;

3-тур. «Капитандар шайқасы».

         Марапаттаудың қорытынды кезеңінде барлық команда мүшелері олимпиадаға қатысқаны туралы сертификатпен марапатталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, олардың әрқайсысы материалдық сыйлықтармен марапатталды: “Малахит” тобы – 3 орын, “Вольфрам” тобы – 2 орын, ал құрметті 1 орынды «Патриоттар» тобы иеленді. Сондай-ақ іс-шара барысында «Kahoot!» викторинасына белсенді қатысқан көрермендер қосымша марапатталды.

 


Басылым күні :  12.02.2023