Сәтбаев университетінде 1-4 курс бакалаврлары арасында өткізілген «ҚазҰТЗУ-2022» студенттік ғылыми-техникалық конференциясы туралы

2022 жылдың 9 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де Базалық білім беру институтының «Жоғарғы математика» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-4 курс бакалаврлары үшін «ҚазҰТЗУ-2022» студенттік ғылыми-техникалық конференциясы өтті.

Іс-шараға университет оқытушылары мен студенттері және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Химия және химиялық технология» факультетінен шақырылған студенттер қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушы ф.-м.ғ.к., «Жоғарғы математика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Ж. Сағындықов құттықтау сөзімен конференцияны ашты. Өз сөзінде ол жыл сайын қатысушылардың саны артып, географиясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша мәселелер қаралды:

1) дифференциалдық теңдеулерді шешудің жаңа әдістемелері;

2) химиялық-технологиялық үдерістерді модельдеу;

3) қаржылық математика;

4) мектептегі және жоғарғы оқу орнындағы білім беру мәселелері.

Конференция жұмысына дәстүрлі түрде баяндама жасаған студенттер мен олардың ғылыми жетекшілері белсене қатысты.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, университеттің «Жоғарғы математика» және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Физикалық химия, катализ және мұнай» кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамына шынайы алғысын білдіреді.

Сіздерді келесі 2023 жылы өтетін конференцияға жаңа жетістіктермен күтеміз.

 

Конференцияның ұйымдастыру комитеті: Сағындықов Б.Ж.,

                                                                             Сейтқұлова Ж.Н.

Басылым күні :  20.04.2022