Функционалды материалдардың химиялық технологиялары»

2021 жылдың 28-30 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия катализ және мұнайхимия кафедрасы) мен Новосібір мемлекеттік техникалық университеті (Новосібір, Ресей) бірлесіп ұйымдастырған «Функционалды материалдардың химиялық технологиялары» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Бұл конференция дәстүрлі түрде екі унверситет тарапынан жыл сайын Ресей мен Қазақстанда кезектесіп өткізіледі.

Конференция аясында «Функционалды материалдарды синтездеу, модификациялау және өндіру процестерін болжаудың ғылыми негіздері», «Функционалды материалдарды алудың экологиялық аспектілері», «Химиялық технологиялардың процестері мен құрылғылары» және «Физикалық-химиялық зерттеулер мұнай химиясы және мұнай өңдеудің каталитикалық процестері мен катализаторлары».

Келесідей зерттеулер қарастырылды: “Гудрон мен мазутты гидроөңдеудің 3-d құрылымдалған органикалық қоспалары бар катализаторларына әсерін зерттеу”, “Pd/MgO катализаторларының синтезі және тотығу қасиеттері”.

Конференцияға қатысушылардың жалпы саны 395 адамды құрады, оның ішінде шетелден 253 адам қатысты. Жалпы 132 баяндама тыңдалынды, оның ішінде 80 баяндама ауызша және 52 баяндама постер презентация түрінде қорғалды.

Конференция нәтижелері бойынша РҒДИ деректер базасында индекстелетін конференция еңбектерінің жинағы шығарылды. Web of Science деректер базасында индекстелетін ATEC Web of Conferences журналының редакциясымен журналдың арнайы шығарылымында мақалаларды жариялау туралы келісімге қол жеткізілді.

Басылым күні :  04.05.2021