IX КСРО ҒА корреспондент мүшесі Александр Александрович Яковкин атындағы «Физикалық химия – жаңа технологиялар және материалдар негізі» атты ЖОО – аралық конференция – конкурс

IX КСРО ҒА корреспондент мүшесі Александр Александрович Яковкин атындағы «Физикалық химия – жаңа технологиялар және материалдар негізі» атты ЖОО – аралық конференция – конкурсы ZOOM платформасында Санкт – Петербург мемлекеттік технология институты (техникалық университет) Д.И.Менделеев атындағы Ресей химиялық қоғамымен бірлесе отырып өткізді.

5 секциялық отырыста орыс және ағылшын тілдерінде қатысушылар баяндамасы тыңдалды. Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасынан екі магистрант және 1 бакалавр «Материалдарды құрастыру, синтез және сараптау» секциясында баяндама жасады.

«Мыс(II)- поливинил спирті кешенді қосылысы қатысында сары фосфордың тотыға гидроксилденуін зерттеу» тақырыбында баяндама жасаған «Мұнайхимиясы» мамандығы 1 курс магистранты Амангельды Айкоркем 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Басылым күні :  26.04.2021