"COVID 19-ДАН КЕЙІНГІ МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІ "

2021 жылдың 26 наурызында сағат 14:00-де "Covid 19-дан кейінгі мейрамхана бизнесі"ZOOM платформасында шеберлік сабағы өтті. 45 адам қатысты. Мастер-класс ұйымдастырушысы "Рекреациялық география және туризм" кафедрасының оқытушысы Базарбекова Мадина Медеуовна болды.   Olovo bar Басқарушы директоры Әйгерім Болатова мастер-классты өткізген. Мейрамхана саласындағы жұмыс тәжірибесі шамамен 15 жыл. Санкт-Петербургтегі СПБГУП университетін бітірген. Мамандығы: мейрамхана-қонақ үй бизнесі, туристік сала.  Келесі мәселелер талқыланды: 1.Қызметкерлерді іріктеу. 2. Мейрамхананы нөлден ашу. 3. Қонақ ағынын ұлғайту және сақтау.

Басылым күні :  22.04.2021