СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (6-8 СӘУІР 2021 Ж.)

2021 жылы 6 сәуірде география және табиғатты пайдалану факультетінде «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. Конференция барысында рекреациялық география және туризм кафедрасында келесі секциялар бойынша баяндамалар тыңдалды:

Cекция 1. Туризм

Секция 2. Қонақжайлылық

«Туризм» секциясы бойынша конференцияға қатысу үшін студенттер мен жас ғалымдардан 75 баяндама, «Қонақжайлылық» секциясы бойынша 7 баяндама қабылданды.

Конференцияға Қазақстандағы басқа жоғары оқу орындары (Нархоз университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті) мен көрші елдердің жоғары оқу орындарының (Орынбор мемлекеттік университеті, «БелМУ» ұлттық зерттеу университеті) студенттері мен жас ғалымдары қатысты.

Студенттер мен жас ғалымдардың баяндамалары туризм және қонақжайлылық секторының өзекті мәселелеріне арналды.

Конференция нәтижесі бойынша студенттер мен жас ғалымдардың үздік жұмыстары дипломмен марапатталды. 

Басылым күні :  22.04.2021