Дәріс!

18 ақпан күні ҚазҰУ Заң факультеті студенттерінің кездесуі өтті.дәріс "Экстремизм және терроризм"тақырыбына арналды. Кездесудің мақсаты - діни экстремизмнің алдын алу және студенттер арасында діни сауаттылықты арттыру, сонымен қатар экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі, теріс пиғылды жалған діни ағымдардың зияны туралы мәселелер қозғалды. Кездесу диалог түрінде өтті, сонымен қатар бейнероликтер көрсетілді. Дәріскер Ибрагимов Д.Е. студенттердің назарын қандай да бір ақпарат алу үшін тек ресми сайттарды пайдалану керектігін атап өтті. Іс-шара соңында студенттер қарастырылып отырған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Бұл кездесу маңызды тәрбиелік мәні бар.


Басылым күні :  16.04.2020