Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб

25 cәуірде 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыстылық пен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп жыл сайынғы студенттер мен жас ғалымдарға арналған республикалық форум өктізді. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық: мәселелері және шешу жолдары»

Форумда талқыланған негігі мәселелері:

  1. Сыбайлас жемқорлықпен күресідің теориялық және тәжірбиелік мәселелері.
  2. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жағдайы
  3. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдері

Форумның жұмысына әл-Фараби атаныдағы ҚазҰУ, К. Жубанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ Академиясы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда қаласының мемлекеттік университеті, Қазақ гуманитарлы-заң инновациялық университеті, Туран университеті, М. Утемисов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, С.Торайгыров атындағы Павлодар қаласының мемлекеттік университеті, Орталық-Азияттық университет, Д.А. Қонаев атындағы транспорт және құқық университетінің студенттері, магистранттары және доктаранттары қатысып кетті.

Форумның қортындысы бойынша ұсынылған барлық материалдар бойынша жинақ шықты.

31 қаңтарда 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыстылық пен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп ҚазҰУнің 80-жылдығына арналған «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай түрінде студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференция өткізді.

Конференцияда талқылалған негізгі мәселелер:

1. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің теориялық және тәжірибелік мәселелері.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жай-күйі.

3. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қазіргі әдістері.

Конференцияның нәтижелері мақала жинағы ретінде шығарылады.