Оқытушылар биографиясы

1) Мен, Аратұлы Қуаныш, Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің қызметкері және ғылыми маманы.

2003 жылы №11 Талдыкорган қалалық мектеп-гимназиясын тамамдағанмын. Кейін сол жылы ҚазҰУ заң факультетіне оқуға түстім, 2007 жылы үздік қызыл дипломмен аяқтадым. Оқу барысында көптеген ғылыми конференциялар мен жарыстардың басты жүлдегері атандым, факультет Ғылыми кеңесінің мүшесі болдым. 2007 жылы сол мамандықты жалғастырып педагогикалық бағыттағы магистратура білім бағдарламасына түстім. 2009 жылы магистратураны қызыл дипломмен аяқтадым. 2010 жыл мен 2013 жылдар аралығында PhD докторантурасының бағдарламасын игердім. «Жаһандану жағдайындағы компьютерлік қылмыстылықпен күресудегі қылмыстық саясат» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны қорғадым.

11 сәуір 2014 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша доктор Phd ғылымы дәрежесі ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетімен берілді.

1985 жылы 18 қазан айында Алматы облысында дүниеге келгенмін. Отбасылық жағдайым: отбасын құрмағанмын.

50-ден астам ғылыми еңбектерім бар, соның ішінде ғылыми және иммидждік мақалалар, монография және т.б.

2) Алимқулов Ербол Темирханович 31 тамыз 1980 жылы Қызылорда облысы, Шиелі қыстағында туылған. 1997 жылы №1 орта мектепті бітірген. Сол жылы әл-Фараби атыдағы ҚазҰУ заң факультетіне оқуға түсті.

2001 жылы бакалавриатты үздік бағаға бітіріп, магистратураға түсті. 2003 жылы магистратураны үздік бағаға бітіріп, 2003 жылы 2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында аспирантурада оқыды. Оқу барысында университеттің қоғамдық өміріне белсеңді түрде қатысып отырды.

2006 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасын оқытушысы ретінде қабылданды, қазіргі кезде қылмысытқ құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті.

2009 жылы «Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот ісін жүргізу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын 12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика; жедел іздестіру қызметінің теориясы мамандығы бойынша қорғады, ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының докторы, профессор Халиқов К.Х және заң ғылымдарының докторы, профессор Айтмухамбетов Т.К. Оқу уақытында ол өзін жауапты және тәртіпті аспирант ретінде көрсете білді.

Алимкулов Е.Т. дәріс беретін пәндер бойынша фундаментальді білімге ие. Ол дәрістерді мемлекеттік және ресми тілде тиісті теориялық деңгейде жүргізеді. «Сот шешендігі», «Адвокатура», «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндері бойынша дәріс және семинар сабақтарын береді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласын қадағалау және аттестаттау Комитетімен бекітілген ғылыми журналдарда 50 астам мақалалары, сондай-ақ әртүрлі ғылыми – теориялық конференцияларға қатысып, тезистері журналдарда жарық көрді.

Бір монографияның және Р.Е.Джансараева и Л.Ш.Берсугурованың редаукциясында «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» оқулығының авторлық коллективінің авторлық құрамына кіреді.

Алимкулов Е.Т. профессорлық-мұғалімдік құрам ішінде тиісті беделге ие, студенттер арасында әрқашанда тәрбиелік жұмыс жүргізеді, факультеттің және университеттің қоғамдық жұмыстарына, спорттық іс шараларына белсеңді қатыса отырып, оларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

3) Ақболатова Марал Елтайқызы 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша Заң факультетіне түсіп, 1997 жылы бітірді.

1997 жылы, ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің магистратурасына түсіп және табысты 1999 жылы бітірді.

2008 жылдан бастап ол қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминология кафедрасында жұмыс істейді.

2011 жылдан бастап кафедра аға кураторы, «Шапағат» атты студенттік волонтерлік клубының басшысы.

Қамауға алу немесе қамауда ұстау, бастап түрмеден қашу үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерін зерттейді.

4) Атаханова Гүлзағира Махатқызы 1973 жылы ОҚО дүниеге келген.

1995 жылы әл- Фараби атындағы ҚазҰУ нің заң факультетін бітіріп, 1995 жылдан 2007- ға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ нің қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, 2007 жылдан бастап әл- Фараби атындағы ҚазҰУ нің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті, 2011 жылдан бастап қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорының міндеті атқарушы қызметін атқарып келеді.

2004 жылы «Бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап еткендігі үшін қылмыстық жауаптылық» тақырыбында кандидаттық диссертация сәтті қорғап, 2009 жылы доцент атағын алды.

Атаханова Гүлзағира Махатқызының 100- ден аса ғылыми мақалалары ҚР халықаралық және республикалық конференциялар материалдарының жинағында, алыс және шет елдерінің конференциялар жинақтарында жарық көрген.

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы ұжымымен ұйымдастырылған халықаралық және республикалық конференцияларға тұрақты түрде қатысып, өзінің белсенділігін танытады.

Ғылыми еңбектері қылмыстық құқық аясындағы меншікке қарсы құқықбұзушылықтардың жалпы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипатын анықтау және осының негізінде олардың алдын-алу шараларының жүйесін, оның ішінде бұл құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын норманың құрамын жетілдіруге бағытталады. Жарияланған маңызды оқу құралдарына тоқталатын болсақ:

1.Бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап еткендігі үшін қылмыстық жауаптылық.Оқу құралы.-Алматы: 2009.-121 б.

2.ҚР қылмыстық құқығындағы иеленіп алу мен ысырап еткендігі үшін қылмыстық жауаптылық. Оқу құралы.- Алматы: 2010 .-86 б.

3.Меншікке қарсы қылмыстармен күресу детерминациясы.Монография.-Алматы: 2011.-122 б.

4.Меншікке қарсы қылмыстар институты. Оқу құралы.- Алматы: 2013 .-120 б.

5) Арын Айжан Арынқызы- заң ғылымдарының магистрі, 21.07.1988 жылы туылған.

Арын Айжан Арынқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің күндізгі бөліміне «Құқықтану» мамандығына 2006 жылы түсіп, 2010 жылы үздік бітірді. Ал 2010 жылы аталған университеттің заң факультетінің магистратура бөліміне түсіп, 2012 жылы оны да аса жоғары көрсеткіштермен тәмамдады. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Прокуратура органдары қызметінің концептуалдық бағыттары».

2011 жылдан 2012 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарды. 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін аталған кафедрада оқытушы қызметін атқарып келеді.

А.А.Арын университеттің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарына белсенді араласып, оқытудың жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін, әдістемелерін өз сабақтарында тиімді пайдаланады. Оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын жасауға, оқу үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру істеріне белсенді атсалысуда. Негізгі ғылыми бағыттары мен қызығушылығы: криминалистика, сот сараптамасы, прокурорлық қадағалау, құқық қорғау органдары.

ҚазҰУ-і ректорының 12 мамыр 2014 жылғы № 182 бұйрығымен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

А.А.Арынның қазіргі уақытта 6 имидждік мақаласы, 35-тен астам ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік мақалалары, авторлар ұжымымен жазылған 8 оқу құралы мен электронды оқу құралдары, 1 монографиясы жарық көрген.

6) Мен, Мұсабекова Айгүл Рүстембекқызы, 31 шілде айында 1989 жылы Қарағанды облысында туылдым.

1995 жылы Алматы қаласына көшіп келдік. 1996 жылы № 141 орта мектебіне 1 сыныпқа бардым. 2007 жылы Алтын белгімен бітірдім.

2007 жылы Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетіне грантқа түстім. 2011 жылы жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітіріп шықтым.

2011 жылы Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетіне магистратураға түсіп, ғылыми-педагогикалық бағытта 2013 жылы үздік дипломымен бітірдім.

Отбасы жағдайым: тұрмыстамын, ұлым бар.

7) Менің есімім Нұрбол Жетібаев. Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2001 жылдан жұмыс істеймін. Мен ҚазҰУ заң факультетіне 1995 жылы оқуға түстім. 1999 жылы заң факультетін үздік дипломмен тәмамдадым. 1999 жылы заң факультетінің магистратурасына оқуға түстім. 2001 жылы магистратураны үздік тәмамдадым.

Осы жылы қылмыстық құқық және криминология кафедрасына оқытушы болып жұмысқа қабылдандым. 2006 жылы қылмыстық құқық және криминология кафедрасына аға оқытушылыққа ауыстырылдым. 2009 жылы «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғадым. С 2010 жылдан қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцентімін. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәрістік және семинарлық сабақтар жүргіземін.

Келесідей пәндер бойынша: қылмыстық құқық, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, виктимологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориясы мен тәжірибесі, қылмыстық атқару құқығы, құқықтық статистика және т.б. пәндерден сабақ береді.

«Заңгер» ғылыми студенттік клубының төрағасы болып танылады. 40- тан астам ғылыми мақаланың авторы. 1 монографиясы және 1 оқу әдістемелік құрал шығарған. Монографияның атауы: «Қылмыстық саясат және медицина қызметкерлерінің жауаптылық мәселелері». Оқу-әдістемелік құралының атауы: «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы».

8) Дүзбаева Салтанат Бекболатқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің күндізгі бөліміне «Құқықтану» мамандығына 2006 жылы түсіп, 2010 жылы бітірді.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура бөліміне түсіп, 2012 жылы оны «Заңтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесімен аса жоғары көрсеткіштермен тәмамдады. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстылығымен күресу аясындағы қылмыстық саясат».

2012 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында жұмыс жасайды, университеттің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарына араласып, университеттің түрлі халықаралқ және республикалық конференцияларына белсенді қатысады.

3 курс 309 топтың куратор-эдвайзері болып табылады.

С.Б.Дүзбаеваның қазіргі уақытта 30-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалары жарияланған.

9) Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы 26 қаңтар 1978 ж. ШҚО Бахты ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 1999 жылы ҚазМЗУ ректор магистратурасын бітірген.

1999-2008 жж. Алматы қаласы ҚазМЗА қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған.

2009 жылы «12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. Диссертация тақырыбы: «Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі».

2010-2012 жж. Атырау мұнай және газ институты Қазақстан тарихы және құқық кафедрасының доценті.

2012 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцент м.а. Қазақ және орыс тілдерінде бакалавриатта міндетті және элективті пәндер бойынша сабақ жүргізеді: «Қылмыстық процессуалдық құқық», «ҚР Адвокатура және адвокаттық қызмет», «Заңгердің кәсіби этикасы», «Сот дәлелдемелер теориясы», «Сот риторикасы» және магистратурада: «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау», «Қылмыстық іс жүргізудің қағидалары», «Сот қызметін ұйымдастыру», «Қылмыстық сот өндірісінде азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері», «Сот билігі мәселелері» және т.б.

Мухамадиева Г.Н. 50 ден аса ғылыми жұмыс жарияланған, соның ішінде 2 оқу және 2 оқу-әдістемелік құрал және 1 монография. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған ғылыми басылымдарда мақалалары жарияланған. Томсон Ройтерс бойынша Impact Factor коэффициенті бар халықаралық ғылыми журналда, Scopus мәлімет базасына енуші халықаралық ғылыми басылымдарда еңбектері жарияланған. Сонымен қатар, мақалалары Қазақстан Республикасында өткізілген республикалық және халықаралық конференциялар материалдарында, жақын және алыс шетел халықаралық конференциялар материалдарында жарық көрген.

2014 ж. 12 мамыр №182 ректордың бұйрығымен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталады.

10) Шарипова Асель Бостановна 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-нің заң факультетін үздік бітіріп, 2004 жылы магистратураны үздік бітірді. 2004 – 2006 жылдар аралығында заң факультетінің қылымыстық іс жүргізу және сот билігі кафедрасының аспирантурасында білім алды. 2006 жылы кафедраға ассистент, оқытушысы және аға оқытушысы болып қызмет атқарды, 2011 жылдан бастап қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында доцент қызметін атқарушы.

2009 жылы “Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудегі тараптардың теңдігі бәсекелестікті жүзеге асыру жағдайы ретінде” тақырыбында ҚазҰУ-нің докторлық диссертациялық кеңесінде заң ғылымдары кандидаттығы дәрежесін 12.00.09.-қылмыстық іс жүргізу, криминалистика және сот сараптамасы, жедел-іздестіру қызметі мамандығы бойынша қорғады.

А.Б. Шарипова 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

Ғылыми зерттеулер бағыты: қылмыстық іс жүргізу бағыты, құқық қорғау органдары .

11) Тлепбергенов Орынбасар Нусипалиұлы заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 20.09.1978 жылы, алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарқара ауылында туған.

1997-2001 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде оқыған. Сол жылы қылмыстық құқық және криминология кафедрасының магистратурасына түсіп, 2003 жылы аталған кафедраның қылмыстық құқық және криминалистика мамандануы бойынша магистратурасын үздік бітірді. 2003 жылы «Құқық магистрі» академиялық дәрежесін алды.

2003 жылы заң факультетінің аспирантура бөліміне түсіп, 2010 жылы 1 шілдеде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің біріккен диссертациялық кеңесінде «Қылмыстан сақтандыру – қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

2011 жылы 8 мамырында ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Қылмыстық саясат және криминология саласының маманы.

2005- 2010 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы. 2010 жылдан «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында доцент лауазымын атқаруда. «Қылмыстық құқық», «Қазіргі қылмыстық саясат», «Криминология» пәндерінен дәріс оқиды.

О.Н. Тлепбергенов 2002- 2004 жылдары «Хабар» АҚ –ында «Азамат» бағдарламасының жүргізушісі, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» «Заң ғана» бағдарламаларының сценарий авторы-редакторы, 2011-2013 жылдары «Қазақстан» арнасындағы «ДАМУ» экономикалық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2002 - 2003 жылдары ҚР Судьялар Одағының арнаулы стипендиясының иегері атанған. ҚР Журналистер Одағының мүшесі.

О.Н. Тлепбергенов халықаралық, республикалық-ғылыми тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады. 40- тан астам ғылыми мақала мен «Қазақстан Республикасының қылмыстан сақтандыру саясаты» атты монографияның авторы.