социально-воспитательная работа за 2013-2014 учебный год

Ақпанның 15 күні сағат 18.00-де 103-топ студенттерімен бірге Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы Академиялық Опера және Балет Театрына өзімнің студенттік тобыммен бірге бардым. Аталған опера екі бөлімнен тұрды. Абай Құнанбаевтың шығармашылығы халық арасында кең тарады. Ол елдің барлығына мейіріммен қарады. Ақын ақылдың иегері болып танылады. Ол жастардың білімге ұмтылып оқуын қалайды. Абайдың жүректі шымырлатар әндері адамдардың ғаламат сезімін білдіреді. Оның Жаз, Күз, Қыс, Көктем деп аталатын өлеңдері қазақ поэзиясында жаңа жол салды. Абай жаңашыл ақын. Абай пейзаждық махабатты, ағартушылық ізгілік шығармашылықпен ұштастырған ақын. Ол қазақ әдебиетінде поэма жанрын қалыптастырған ақын. Оның көптеген қара өлеңдері ізігілік шуағын төгіп тұр. Аталған Опера аса жоғары деңгейде өтті және студенттер жақсы көңіл күймен қайтты. Барлық тобымыздың студенттері келесі уақытта да осындай көңілді кешке келіп тұруға уағдаласты.

Қатысқандар: Аға куратор Ақболатова М.Е., 103-топ куратор-эдвайзері Жетібаев Н.С. және 103-топ студенттері.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ білімнің алтын бесігі» атты жарыс нысанындағы ашық сабақтың

ЕСЕБІ

Алматы, 2014

Шараның атауы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ білімнің алтын бесігі» атты жарыс нысанындағы ашық сабақ

Өткізу уақыты: 26 ақпан 2014 жыл, сағат 16.00

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультеті, 411 аудитория.

Деңгейі: факультет деңгейінде

Шараның ұйымдастырушылары: Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, 317-топтың куратор-эдвайзері Арын А.А.

Шақырылғандар: Қазақ Ұлттық Университетінің Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әбішев Талғат Болатұлы, Тәрбие жұмысы жөніндегі Департаментінің жетекші-маманы, заң факультетінің және басқа да факультет оқытушылары, кафедра меңгерушілері, заң факультетінің 1-3 курс студенттері.

Қатысушылар: «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е., кафедра меңгерушісінің оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., доцент Маликова Ш.Б., факультеттің аға эдвайзері Шопабаев Б.Ә., факультет деканының құқық қорғау органдарымен байланыс жөніндегі орынбасары Сатыбалдинов Ж.Д., кафедраның барлық оқытушылары.

Шараның мақсаты: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдығымен барлығын құттықтай отырып, университетіміздің тарихы, білім жүйесі мен жетістіктеріжайлы мағлұмат беру.

Шараның қысқаша мазмұны:

1.кезең

Ассалаумағалейкум дана қазақтың мұрасы, асылдың сынығы, алаш деген атына заты сай қазақтың қайсарлары мен қаракөздері.

Бүгін біз талайды білімнің нәрімен сусындандырған,талайға болашаққа деген қилы заманның қилы қадамын аттауға үміт берген,талайлардың қанатын қатайтып, самғауына демеу берген,талай ақынды шабыттандырған қасиетті қара шаңырағымыз ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келдіңіздер!

( кеш қонақтары таныстырылады)

Кешіміздің алғы сөзін қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Аратұлы Қуаныш ағайға береміз.

2.кезең Интеллектуалдық ойын

Бұл кезеңнің барысы топ студенттері 2 командаға бөлініп интеллектуалдық ойында бақтарын сынайды.

1) Ортаға сап ойларды табыстырсын

Тіл найзаны бірімен шалыстырсын.

Әр топтан өз топтарын алдыменен

Тобының көшбасшысы таныстырсын.

Таныстырып болған соң әрі қарай жылжимыз.

2) Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы- демекші Абай атамыз, ойынымыздың келесі айдары « жүйрік болсаң шауып көр» .Бұл бойынша студенттер қалташада жасырынған екі сөзді таңдап,сол сөзді университетімізбен байланыстырып мағына береді. Сәйкесінше ұпай сандары да есептелініп отырады.

3) Жалғайтын үмітті қалған қосылмай,

Әрбіреуі сый секілді тосындай.

Біліп жүргің,білмегенің біліп ал

ҚазҰУ-ымның студенттері осындай.

Интеллектуалдық ойынның бұл кезеңінде екі топ студенттеріне 10-10 нан сұрақтар қойылып,білім деңгейлері сыналады.

4) Төле би ,Қазыбектің дара жолы

Алаш Орда арғымақ қара жолы

Шешен болсаң сөйлеп көр бұл айдары

Қарашаш,Жиреншенің сара жолы.

Ойынның соңғы бөлімі. Бұл бөлімнің барысы қорапшада жасырынған сөздерді студенттер біртіндеп кезекпен алып ишара арқылы өз тобына жасырады. Жиналған ұпай саны бойынша мықтылар анықталады.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,

Ең мықтысы табылар алысқанда.

Кім мықтыны анықтау мақсат емес

Не жетеді қол қысып табысқанға!

Студенттер бір-бірімен қол алысып ойынды тәмәмдайды.

Қорытынды

Бүгінгі кешті ұйымдастыруда кеден ісі 310-тобына жетекшілік етіп отырған қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Арын Айжан Арынқызы кештің қорытындысын жасайды.

Осы ҚазҰУ білімге теңіз болған,

Осы ҚазҰУ қазаққа егіз болған.

Осы ҚазҰУ қазақтың көзін ашып

Қазақ боп құрылуға негіз болған.

Орын жоқ сол мінезге жасқанатын

Кез келді қайсар мінез басталатын.

Әлі талай элита шыгады ғой...

Әрі қарай қазақты басқаратын!

Құрметті кеш қонақтары мен студенттер! Бүгінгі ұйымдастырып отырған кешімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айта отырып,сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас жігер тілейміз! Қош сау болыңыздар!

Фотоқұжаттар: есепке тіркелген

Куратор-эдвайзер Арын А.А.

Іс-шараның атауы: «Қадірлеп, қастерлейік салт-дәстүрді!»

Іс-шараның өткізілген уақыты: 17.03.2014 сағат 17:00

Іс-шараның өткізілген орны: №18 студенттер үйінде

2014 жылдың 17 наурызында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының және 307-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Қадірлеп, қастерлейік салт-дәстүрді!» атты қазақтың салт дәстүрлері туралы дөңгелек үстел нысанындағы іс-шара өткізілді. Іс-шараға 3 курстың студенттері қатысты. Іс-шара негізінен, жарыс түрінде өткізілді. Студенттер 7 адамнан 4 топқа бөлінді. Әр топқа бір апта бұрын белгілі бір салт-дәстүр түрі берілді және сол салт-дәстүрді көрініс түрінде көрсетулері керек болды. Бұл үй жұмысы ретінде болды. Жалпы жарыс 3 бөлімнен тұрды: 1 – үй жұмысы (көрініс), 2 – өлең оқу, 3 – сұрақ-жауап. Нәтижесінде 4-топ жеңімпаз атанып, марапатталды.

Іс-шара қойылған мақсатына жетті. Себебі студенттеріміздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра салт – дәстүрлерімізді жақсырақ танып білуіне әсер етті деген ойдамыз.

2014 жылғы 7 сәуір күні сағат 11.00-де қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Шапағат» студенттік волонтерлік клубы Алматы қалалық мүгедектерге және психохрониктерге үй-интернатында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80-жылдығына арналған, «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында, көгаландыру іс шарасын өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйінде өткізілген «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясының

ЕСЕБІ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйінде өткізілген «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясының

ЕСЕБІ

Шараның атауы: «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясы

Өткізу уақыты: 14 сәуір 2014 жыл, сағат 16:00.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйі

Деңгейі: Факультет деңгейінде

Шараның ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Арын А.А.

Қатысушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары және №18 Студенттер үйінде тұратын студенттер.

Шараның мақсаты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйіндегі студенттердің жататын бөлмелерін тазалау, студенттерді салауатты өмір салтына шақыру.

Шараның қысқаша мазмұны: 5 сәуір 2014 жылы сағат 19:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы А.А.Арынның ұйымдастыруымен, №18 Студенттер үйінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйінде өткізілген «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясы өткізілді. Аталған тазалық акциясына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары және №18 Студенттер үйінде тұрып жатқан студенттердің барлығы қатысты. Акция барысында студенттер өздерінің тұрып жатқан бөлмелерін тазалап, қоқыстарды шығарып, барлығын салауатты өмір салтына шақырды.

Фотоқұжаттар: есепке тіркелген


Қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының меңгерушісі Р.Е.Джансараева


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына орай, «Культ здорового тела» жобасының негізінде «Медеу» шатқалында өткізілген велосипед кросының

ЕСЕБІ

Шараның атауы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына орай, «Культ здорового тела» жобасының негізінде «Медеу» шатқалындағы велосипед кросы

Өткізу уақыты: 27 сәуір 2014 жыл, сағат 11.00

Өткізу орны: «Медеу» шатқалы

Деңгейі: Кафедра деңгейінде

Шараның ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Арын А.А.

Шақырылғандар: Заң факультетінің 1-4 курс студенттері және оқытушылары.

Қатысушылар: Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е. және аталған кафедраның куратор-эдвайзерлері Ш.Б.Маликова, А.Д.Байсалов, М.Е.Ақболатова, А.А.Арын, С.Б.Дүзбаева, Г.М.Атаханова, М.Қ.Бисенова, Л.Бисенғали, Избасова А.Б., Алимкулов Е.Т. және заң факультетінің 1-3 курс студенттері.

Шараның мақсаты: велосипедпен «Медеу» шатқалына шығу, студенттерге еліміздің әдемі табиғатын, тарихи жерлерін көрсетіп, оларды таныстыру, салауатты өмір салтына баулу.

Шараның қысқаша мазмұны: «Культ здорового тела» жобасының негізінде Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Р.Е.Джансараева, және аталған кафедраның куратор-эдвайзерлері Ш.Б.Маликова, А.Д.Байсалов, М.Е.Ақболатова, А.А.Арын, С.Б.Дүзбаева, Г.М.Атаханова, М.Қ.Бисенова, Л.Бисенғали және заң факультетінің 1-3 курс студенттері біріге отырып, «Медеу» шатқалына дейін велосипед кросын ұйымдастырды. Аталған шараның мақсаты студенттерге еліміздің әдемі табиғатын, тарихи жерлерін көрсетіп, оларды таныстыру, салауатты өмір салтына баулу. Медеу - әлемдегі ірі таудағы мұз алаңы. Ол солай аталатын шатқалда теңіз деңгейінен 1700 метрде Кіші Аламаты өзенінің аңғараында орналасқан. Оның жан-жағын тау сілемдері қоршаған. Экскурсия кезінде туристердің қалауы бойынша осы ерекше мұз алаңында 1 сағат көлемінде сырғанауға болады. Туристердің назарын сонымен қатар селдерден қорғау мақсатында Кіші Алматы өзенінде тұрғызылған плотина қызықтырады. Бұл жерден тау шыңдарының керемет көрінісі ашылады (830 баспалдақ). Экскурсанттың қалауы бойынша плотинаға да көтерілуге болады. Шымбұлақ тау курорты Іле алатауының керемет бөктерінде теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте орналасқан.

Аталған шара студенттерге қатты ұнады және бұл жоба негізінде ұйымдастырылған шара студенттерге тек жағымды жағынан әсер етті.